Биылғы желтоқсан айынан бастап 16-25 жас аралығындағы жолаушылар Тальго вагондарына 25% жеңілдікпен билет сатып ала алады. Ол үшін «Жастар» электрондық дисконт бағдарламасын пайдаланулары қажет, деп хабарлайды Rail-news.kz. «Жастар» картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдеуге болады. Бағасы – 3000 теңге. Жарамдылық мерзімі – картаны іске қосқан сәттен бастап 1 жыл. BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан (немесе оның мобильді қосымшасы) және барлық билет кассаларынан теміржол билеттерін сатып алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға болады.
«Жастар» картасы арқылы 16-25 жас аралығындағы жолаушыларға 25% жеңілдікпен жүруге мүмкіндік туды
Оқуға 1 мин
Қазақстан теміржолшысы