Желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қосымша жолаушы пойыздары шығады. Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында жолаушы пойыздарының қатарын тағы үш пойыз толықтыратын болады. №202/201 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері қарай Шымкент станциясынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі. №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері қарай Алматы-1 станциясынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі. №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанда, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанда жөнелтіледі.