Ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан бастап 16 бастап 25 дейінгі жас аралығындағы жолаушылар үшін «Жастар» картасын сату қайта қалпына келді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Олар Тальго коммерциялық пойыздарының  «Турист» (2Д) және «Отырып баратын» (2с) санатындағы вагондарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде 25% жеңілдікті пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Жастар» картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдеуге болады. Оның құны – 3000 теңге. Жарамдылық мерзімі – картаны іске қосқан сәттен бастап 1 жыл.

Теміржол билеттерін BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан (және оның мобильді қосымшасы) және барлық билет кассаларынан сатып алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға болады. 

«Жастар» картасын пайдалануға болатын Тальго пойыздарының тізімі
№     Пойыз  
1.   №51/52 Алматы-2-Орал
2.   №105/106 Алматы-Петропавл
3.   №712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент
4.   №29/30 Алматы-2-Атырау
5.   №69/70 Алматы-2-Өскемен
6.   №111/112 Алматы-2-Маңғыстау