Маңғыстау-Семей пойызында да әйелдер вагоны бар

Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақпан айынан бастап Маңғыстау-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында да әйелдер вагоны қатынай бастады. Аталған құрамның тоғызыншы вагоны енді нәзік жандар үшін қызмет етеді. Онымен жүретін қыз-келіншектер өзімен бірге тек жеті жасқа дейінгі ер балаларын алып шығуына болады.

Түбектен жолға аттанған бұл бағыттағы алғашқы вагон ақпан айының екінші күні Маңғыстау станциясынан жөнелтілді. Өңірімізден Семей бағытына екінші сапарына аттанғалы тұрған пойыздың тоғызыншы вагон жолаушыларымен тілдесу мүмкіндігі туды. Жергілікті тұрғындардың бірі елордада жоғары оқу орнында оқитын қызын шығарып салуға келіпті. Әйелдер вагоны жүрді дегенде ерекше қуанған ол қызының оқуына барып келуі бұған дейін тәп-тәуір мәселе болғанын айтады.

– Қызыма кейде амалсыздан ұшаққа билет алатынбыз. Оның да бағасы удай қымбат болғасын көбіне плацкарт вагонмен жіберетін едік. Бір рет те купемен жүріп көрмепті. Қыз бала болғандықтан уайымдайсың, ылғи ер азаматтардың ортасына түсе ме деп, түрлі адам бар бүгінде... Сондықтан мына хабарды естіп, билет алғанша асықтық, – дейді Мария Жұмаева.

Әйтекеби станциясына бара жатқан Нағима Бикебаева да әйелдер вагонының «ғұмыры» ұзақ болса деп тілейді. Пойыз келгенше әйелдер вагоны екенінен хабарсыз болған ол, жолсеріктер күтіп алғанда ғана біліпті.

– Билетті ұлым алып берген еді. Маңғыстауға келерде купеде ылғи вахталық жұмыспен келе жатқан ер адамдар болды. Бір өзім ыңғайсыздандым. Олармен не сөйлесесің, уақыт өтпей кетті. Әйелдер болса әңгіме айтып, бірге шай ішіп, қалай жеткенді де білмей қаласың. Енді мына вагонда емін-еркін жүріп тұрып, әңгімедүкен құрып жолды қысқартатын болдық. Бұдан былай алдымен әйелдер вагонынан орын сұрайтын бо- ламын, – дейді ол.

Бұл вагонда жолаушыларға өзге вагондардағы сияқты екі жолсерік қызмет көрсетеді. Біреуі – Алматы-Маңғыстау, Маңғыс- тау-Нұр-Сұлтан, Маңғыстау- Астрахан, Маңғыстау-Қоңырат бағыттары бойынша 26 жылдық еңбек өтілі бар Нұрсұлу Қабдрах- манова.

– Осымен екінші рет жолға шығуымыз. Вагонда қырық орын болса, соның отыздан астамы Маңғыстау станциясынан толды. Жол бойы түсетін, мінетіндер көп. Жалпы, вагонға сұраныс жақсы, – дейді жолсерік.

Еске сала кетсек, бұл – түбек теміржолына қатынайтын екінші әйелдер вагоны. Қазан айынан бері Маңғыстау-Алматы бағы- тындағы жолаушы пойызының жетінші вагоны қыз-келіншектер үшін қызмет көрсетуде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті