Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚТЖ желісінде 10,5 млн жолаушы тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ке артық. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңға жуық вагон тартылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі таңда ҚР бойынша жолаушылар пойызы 138 бағыт бойынша жүреді.

Оның ішінде:

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ - 100 маршрут (72%);

- Жеке тасымалдаушылар - 29 маршрут (21%);

- Көрші елдерде құрылған-9 маршрут (7%).