Түлкібаста ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған жүргіншілер пойызбен жеткізілді

Жолаушылар тасымалы
16.02.2024, 10:29
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Оңтүстіктің қысы да ара-тұра қыр көрсетіп қоятыны рас. Әсіресе таулы-тасты Түлкібас өңірінде, әйгілі Шақпақ асуында қалың жауған қар мен ақ түтек бораннан биылдыққа 4 рет автожолдар жабылған.

Таңертең жайнап тұрған күн райының көзді ашып-жұмғанша күрт құбылып, айнала әп-сәтте ақ түтек боранға ұласуы – бұл аймақта үйреншікті жағдай. Салдарынан оңтүстік өлкедегі біршама автокөлік жолдары жабылып, тіпті ұшақтардың да ұшып-қонуы шегерілгені бар. Мұндайда жолаушылар ағыны теміржолға лап қояды. Сондықтан көпжылдық тәжірибеге сүйенетін түлкібастық теміржолшылар жағдайға тастүйін дайын отыруды әдетке айналдырған.

Өткен аптада «Алматы-Шымкент-Ташкент-Термез» автожолының Түлкібас ауданына қарасты Машат пен Жамбыл облысы аумағындағы Шақпақ ата асуында бірнеше күн төтенше жағдай орнады. Ақтүтек боран асуда жүздеген автокөліктерді қаңтарып, автобустардың жолаушылары Түлкібас станциясына тасымалданып, сол жерден пойыздарға отырғызылды.  

«Биылғы қыстың өзінде әлгі екі асудағы қозғалыс 4 рет жабылды. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш болды. Желтоқсан айында жолда қалған 200-ден астам, ал қаңтар айында «Шымкент-Тараз» бағытында 83 жолаушыны қарсы алып, діттеген жеріне жетуіне көмектестік. Олардың кейбірінде қаражаты тұрмақ, құжаты да жоқ болды. Біздің қызметкерлер оларға ыстық шәй мен жылы-жұмсағын беріп, тіпті билетін әперіп жолға салды. Алғыстарын айта-айта аттанды», – дейді Түлкібас вокзалының бастығы Бауыржан Рысқұлбеков.  

Өткен аптадағы табиғаттың осындай «тосын сыйында» Түлкібастан пана тапқан бір топ азамат вокзал қызметкерлеріне деген алғысын жеткізуді бізге де аманаттап еді. Олар күндізгі және түнгі ауысымдағы вокзал қызметкерлері Жазира Жарылғапова мен Нағима Қаржаубаева, Манзура Әзімқызы мен Ақмарал Дауылбаева және Тойлыбай Тұрсынәлиевтің міндетін мінсіз орындаудағы адал бейнеті мен қонақжай пейіліне тәнті болғандарын жеткізді.  

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді