Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді

Жолаушылар тасымалы
02.07.2024, 10:30
Оқуға 1 мин

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондардың қатары ұлғайтылып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше қажеттілігі бар адамдардың жайлы жол жүруі үшін биыл тағы 14 вагон сатып алу жоспарланған. Оның жетеуі бүгінгі таңда пайдалануға берілген. Жолаушылар вагондары жаңартылған сайын инва-купе саны да артып келеді. Осы ретте ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін теміржол вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын айта кеткен орынды. Мәселен, жаңа вагондар «Қызылорда – Семей», «Павлодар – Түркістан», «Ақтау – Ақтөбе» бағыттарында белсенді қолданылып келеді.

Айта кетерлігі, өткен жылы арнайы орындары бар 11 инва-купе сатып алынды. Жалпы еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы вагондары бар 110 құрам қатынайды. Жеке тасымалдаушылар тарапынан тағы үш жаңа бағыт бойынша арнайы вагондар берілмек.  

«Жаңа вагондар – сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін отандық өнім. Яғни, вагондардағы купе алаңы ұлғайтылып, арнайы көтергіш механизмдер орнатылған, жолсеріктерді шақыру түймелерімен қайта жабдықталған», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, көлік саласына жауапты министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инватакси санын арттыру бойынша да жұмысты жалғастырып жатыр. Өңірлерде жалпы автопаркі 760-қа жуық мамандандырылған машинадан құралған 119 инватакси қызметі жұмыс істейді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды