Жолаушылар пойызындағы бір күн

Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жазғытұрым жолаушылар нөпірі молайып, пойызға билет тапшылығы орын алады. Дегенмен «күту парақшасы» арқылы Алматыдан №21 «Семей-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызына билет сатып алуға мүмкіндік туғанына қуанып, вокзалға жол тарттық.

Станцияға уақытында келген пойызға жапатармағай ұмтылған жолаушылармен қатар 8-вагонның алдына келгенімде МТП (жолсеріктің мобильді терминалы-ЖМТ) ұстаған жолсерік Марал Дюзенов жолаушылардың жол жүру құжаттарын тексеріп, вагонға өткізіп жатты. ЖМТ арқылы қай станциядан қанша адам мінетіні, түсетіні жолаушының аты-жөні, вагондағы орны, соңғы станциясына дейін көрсетіліп тұратыны ғажап екен деп ойладық.  

Жолаушы пойызы станциядан қозғала сала жолсерік іске кірісті. Вагонға жаңадан мінген жолаушылардың құжаттарын тексеріп шығып, төсек жабдықтарын таратып, вагон ішіндегі 2 биоәжетхананы пайдалану тәртібін түсіндіріп, тазалық сақтаумен қатар тамақтану кезінде қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін ескертті. Жолаушылар арасында бірнеше егде кісілер жолсеріктен жоғары орындарын ауыстырып беруге өтініш жасап, өкінішке орай төменгі орын табылмай, біршама дау болды. Ертеректе жолаушылар өзара түсінісіп, келісіп орын ауыстырып жататынын жиі көретінбіз, ал қазір жас болсын, кәрі болсын, ілуде біреу болмаса ешкім орын ауыстырмайтын көрінеді.  

– Отбасы жағдайына байланысты пойызға билет тауып аяқ асты жол жүруге мәжбүр болдым. Абырой болғанда бүгінгі пойызға кеше билет алдық. «Пойызға билет жоқ» деген сөз кейде ретсіз айтыла ма деп ойладым, іздеген табады екен. Пойыз вагондары жаңарыпты, іші-сырты тап-таза, салқын, вагонда жолсеріктің қызметіне баға беретін, шағымданатын, әлеуметтік жедел желілердің сілтемесі орнатылыпты. Ал енді қандай орын тура келеді, ол енді біздің де, жолсеріктің де құзыретіндегі шаруа емес. Сондықтан төменге жатам, орнымды ауыстырып бер дей алмаймын. Жаныңдағы адамдармен өзара келісіп мүмкін ауыстыруға болар, мұнда да әрине, адамына байланысты, – дейді жолаушы Гүлжан Сапарова.

Пойыз бастығы Мақсат Серімбаевтың айтуынша, бүгінгі рейсте 15 вагонда 24 жолсерік 636 жолаушыға қызмет көрсетіп келеді екен. Пойыз құрамы толығымен жаңартылып жаңа вагондардан жасақталған.Вагон ауа баптағыш, телефон қуаттағыш, биоәжетхана – жалпы жолаушыға қажеттің барлығымен қамтылған. Кей вагондарда мүмкіндігі шектеулі жандарды вагонға мінгізіп-түсіретін құрылғымен қатар вагонда арнайы орындары бар. Вагонда жолсеріктер қызметіне шағым айтқан ешкім болған жоқ, бір тәулік бойы вагон іші уақытылы тазартылып, қоқыс салатын жәшіктер босатылып, дәретхана мен қол жуғыштар хлормен жуылып тұрғанын көзіміз көрді.  

– Жолсерік болған соң оқыс жағдайлардың куәсі боласың. Бірі пойызға үлгеріп міне алмай қалып, келесі станциядан келіп мініп жатса, кейде перронда тұрып-ақ кешігіп қалады. Ертеректе осы пойыздың жолаушысы Сарыөзек станциясынан түсіп қалды. Жарты сағат өткенде полициялар пойыз бастығына хабараласып, жолаушы әмиянын вагонда ұмыт қалдырғанына арызданғанын айтыпты. Пойыз бастығы маған хабарласып, әмиянның вагонда қалып-қалмағандығын анықтауды тапсырды. Кімнің қай орында келе жатқаны мен қай станциядан түсетіндігін біліп отырамыз ғой, Сарыөзектен түскен жолаушының орнын тексеріп, матрасты ары бері аударып қарадым, әмиян жоқ. Вагондағы жолаушылардан сұрастырдым, ешкім көрмеген. Бір кезде жолаушы қолданған жастықтың тысын шешіп едім жоғалған әмиян шықты. Ішінде жолаушының қомақты ақшасы сол күйі тұр. Жағдайды пойыз бастығына хабарлап, әмиянның табылғанын айттым. Иесі артымыздан қуалап, Алматыға келгенімізде алдымыздан шығып әмиянын алды. Қуанып, қайта-қайта рахметін айтты», – дейді вагон жолсерігі Марал Балтабайұлы.  

Жанға жайлы жаңа вагонда, сап-салқын төсекте жақсы демалып, Қызылордаға жеттік. Жолаушыларын шығарып салып тұрған жолсерікпен ескі танысымыздай жылы қоштастық.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті