«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 400-ден астам қызметкері марапатқа ие болды

Жолаушылар тасымалы
06.08.2024, 09:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл төл мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 409 қызметкері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Мерекелік салтанатта компанияның басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов наградаларды табыстады.

Теміржол ынтымақтастығы ұйымының Құрмет грамотасына 2 адам, ҚР Көлік министрлігінің марапатына 1 адам, «Құрметті теміржолшы» атағына 9 адам, «ҚТЖ» ҰК» АҚ марапатына 213 қызметкер, «Жолаушылар тасымалы» АҚ марапатына 181 адам ие болды. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен 1 адам, «Үздік маман» белгісімен 10 адам, «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен 20 адам, «Кәсібі бойынша үздігі» белгісімен 20 адам марапатталып, «Үздік мамандар» құрмет тақтасына 2 адам ілікті. Сонымен қатар ҚТЖ басқарма төрағасының «Құрмет грамотасы» 80 адамға, Алғыс хаты да 80 адамға берілді. Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасы 94 қызметкерге, Алғыс хаты 87 қызметкерге табысталды. Бұл азаматтардың бәрі де өз саласының үздіктері. Олардың еңбегін жоғары бағалаған басқарма төрағасы Ж. Тайжанов кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

– Теміржол саласын, соның ішінде жолаушылар тасымалын дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Барлық маңызды міндеттер мен жауапкершілік теміржолшыларға жүктеледі, қауіпсіздікті сақтау, халыққа сапалы қызмет көрсету бәрі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болады. Сондықтан біздің компанияның ішінде жұмыс қалай құрылған болса, ауызбіршілік пен жұмысқа деген ынта да солай жүреді, – деді ол.  

Жиын барысында компанияның баспасөз қызметі дайындаған арнайы мерекелік ролик көпшіліктің назарына ұсынылды.  

– Теміржолда қызмет еткеніме 42 жыл болды. Өзім Семейде теміржолшылар әулетінде дүниеге келгенмін, әке-шешем де, атам да теміржолшы болған. Қазір балам мен немерем де осы салада еңбек етуде. 1981 жылдан бастап жолсерік болып келе жатырмын. Биыл бұйыртса, зейнет демалысына шығамын. Бұған дейін де талай марапатқа ие болдым, бүгін міне, ең үлкен марапат – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін де кеудеме тақтым. Өзімнің төл салам – теміржолға алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалының жолсерігі Жаңылсын Мейірманова.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті