ҚТЖ жазғы маусымда өзінің барлық бағдарлары бойынша 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға дайын

Қазақстанда ішкі туризм үшін ең басты көлік түрі – пойыздар болып қалып отыр. Жаз маусымы басталғалы бері Бурабай курорты станциясына дейін 47,8 мыңнан, Алакөлге дейін 32,5 мыңнан астам адам тасымалданған. Осы екі бағыт бойынша барлығы 80,4 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Алакөлге жалпы 280 мыңға жуық жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр, бұл өткен жылға қарағанда 16 мың адамға көп. Бұл бағыттағы вагондар 100% толып кетіп отыр.

Жазда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 112 бағдар бойынша 4,2 млн-ға дейін жолаушыны тасымалмен қамтамасыз етпек.Сол үшін Алакөл, Балқаш, Бурабай курорты сияқты негізгі курорттық бағыттарды қамтитын қосымша пойыздар саны арттырылды. 

Қозғалыс кестесіне 11 пойыз бен тіркеме вагондар қосылды, олардың қатынау мерзімділігі әр түрлі, яғни күн сайын жүретіні де бар, аптасына бірнеше рет қатынайтыны да бар. Әсіресе, Астана мен Алматыдан Достық, Жалаңашкөл, Шымкент және басқа да туристік аймақтарға бағытталған бағдарлар жоғары сұраныста. 

Жолаушыларға қолайлы болуы үшін Жалаңашкөл және Көктума вокзалдарында персоналдың жұмыс кестесі өзгермелі етіп енгізілді. Ақши станциясының вокзалы тәулік бойы жұмыс істейтін режимге ауыстырылды. Санитарлық аймақтар, күту залдары мен басқа да тиесілі инфрақұрылым жаңартылды. Станцияларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі мен билет кассалары жұмыс істеп тұр. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда