Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бүгінгі таңда елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты бар.
Олардың ішінде:
- 112 маршрутты «Жолаушылар тасымалы» АҚ орындаса;
- 30 маршрут жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
- Ал қалған 12 маршрут халықаралық маршрутқа жатады.
2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.