Пойызда тыйым салынатын әрекеттер туралы ескертпе

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда ұстану тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау — әр жолаушының міндеті екенін еске салады. Барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында келесі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:

1. Билетсіз жүру

Пойызға отыру үшін жолаушыда міндетті түрде жарамды билет болуы қажет. Билетсіз вагонда жүруге рұқсат етілмейді. Егер жолаушыда тексеріс кезінде билет болмаған жағдайда оны келесі станцияда түсіру мүмкін.

2. Балаларды құжатсыз алып жүру

Егер баланың жеке басын куәландыратын немесе ата-анасымен туыстықты дәлелдейтін ресми құжаттары болмаса, оны пойызға отырғызуға рұқсат берілмейді.

3. Алдын ала төлемсіз және рәсімделмеген багажды тасымалдауға тыйым салынады

Бір жолаушыға белгіленген нормадан (35 кг) асатын багажды алдын ала төлем жасамай және тиісті құжатты рәсімдемей алып жүруге болмайды.

4. Құжатсыз жануарларды тасымалдауға тыйым салынады

Ветеринариялық құжаттары жоқ жануарларды пойызда тасымалдауға қатаң түрде тыйым салынады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда жолаушыға пойызға отыруға рұқсат берілмейді.

5. Пойызда шылым шегуге тыйым салынады

Пойыз ішінде шылым және электронды темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

6. Стоп-кранды себепсіз іске қосу

Төтенше жағдай болмаса, стоп-кранды басуға болмайды. Мұндай әрекет пойыз қозғалысының кестесін бұзып, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудырады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

7. Тыйым салынған заттарды алып өту

Есірткі заттарын, жарылғыш немесе өткір заттарды пойызда тасымалдауға мүлде тыйым салынады. Мұндай заңбұзушылық анықталған жағдайда, жолаушы құқық қорғау органдарына беріледі.

8. Агрессия көрсетуге және жанжал тудыруға қатаң тыйым салынады

Физикалық немесе психологиялық агрессияның кез келген түріне, оның ішінде сөзбен қорлау әрекеттеріне де қатаң түрде тыйым салынады. Бұл ережені бұзған жолаушы жақын маңдағы станцияда пойыздан түсірілуі мүмкін.

9. Пойыз жүріп жатқан кезде түсуге қатаң тыйым салынады

Мұндай әрекеттер өмір мен денсаулыққа аса қауіпті және теміржол ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Пойыздан түсуге тек станцияларда және арнайы есіктер арқылы ғана рұқсат етіледі.

10. Вагонды ластауға немесе мүлікті бүлдіруге қатаң тыйым салынады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мүлкін бүлдіру, вагон ішін ластау немесе вандализм әрекеттері қатаң түрде тыйым салынады. Бұл ережені бұзған жолаушы жақын маңдағы станцияда пойыздан түсірілуі мүмкін.

11. Алкоголь ішуге тыйым салынады

Пойыздың барлық вагондарында алкогольді ішімдіктерді тұтынуға қатаң тыйым салынады. Бұл шектеу тек мейрамхана-вагондарға қолданылмайды, онда ішімдік ішу қолданыстағы тәртіпке сай рұқсат етіледі. Аталған талапты бұзу жолаушының әкімшілік жауапкершілікке тартылуына және келесі станцияда пойыздан түсірілуіне себеп болуы мүмкін.

Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар келесідей байланыс арналары арқылы хабарласа алады:

* WhatsApp мессенджері арқылы +7 776 714 5686 нөміріне жазу;

* Вагондарда орналасқан QR-кодты сканерлеп, операторға тікелей WhatsApp арқылы хабарлама жолдау;

* 1433 нөміріне қоңырау шалып, тегін анықтама қызметін пайдалану.

Бұл ережелер «Теміржол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес бекітілген. «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады. Пойыз ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік.

 

Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде