Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздары 7,8 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады

Жолаушылар тасымалы / Инфографика
29.08.2025, 11:10
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жеті айдың жұмыс қорытындысын жариялады. Осы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 7,8 миллионнан астам жолаушы сапарға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Ең жоғары сұранысқа ие бағыттар – Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей».

Жолаушылар ағыны әсіресе жазғы және қысқы маусымдарда, сондай-ақ мереке және демалыс күндері арта түседі.  

Осыған орай, 2025 жылдың жазында «Жолаушылар тасымалы» АҚ  13 қосымша маршрут ұйымдастырып, Алакөл бағытына арнайы пойыздар тағайындады. Олардың қатарында Астана–Достық, Алматы–Достық, Семей–Шар–Достық, Өскемен–Актогай–Достық, Қызылорда–Достық және Павлодар–Достық бағыттары бар. Сондай-ақ сұранысы жоғары Астана–Алматы, Астана–Шымкент және Ақтөбе–Астана қатынастары қосымша күшейтілді.

Жолаушылар үшін енгізілген заманауи сервистердің бірі – «Күту парағы» жүйесі де кеңінен қолданылуда. Ол бос орын шыққан жағдайда билетті жедел рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қызмет bilet.railways.kz сайтында және барлық билет кассаларында қолжетімді. 2025 жылдың басынан бері бұл сервисті 281 мыңнан астам клиент пайдаланып, 105 мыңнан аса жолаушы билет сатып алды.

Компания паркінің жаңаруы да тұрақты түрде жалғасуда. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркінде 2 204 вагон бар, оның ішінде 1 060 стандартты вагон, 656 «Тальго» және 94 электр пойызы бар. Соңғы он жылда парк 50 пайызға жаңартылды. Алдағы жылдарда бұл үрдіс жалғасын тауып, 2030 жылға дейін Stadler Kazakhstan зауытынан 557 жаңа заманауи вагон жеткізіледі. Биылдың өзінде Ұлттық тасымалдаушыға 51 Stadler Kazakhstan вагоны және ЗИКСТО зауытында шығарылған 63 отандық вагон берілмек.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті