Осы жылы ҚТЖ пойыздарымен 12,2 млн жолаушы тасымалданды

Жолаушылар тасымалы / Инфографика
16.12.2025, 13:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

2025 жылдың басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 12,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл теміржол көлігіне деген жолаушылар сұранысының тұрақты екенін көрсетеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

• Ұлттық тасымалдаушының жылжымалы құрам паркі 2 218 бірлікті құрайды, оның ішінде:

— Talgo вагондары – 732 бірлік (33%);

— моторвагонды жылжымалы құрам – 126 бірлік (6%);

— стандартты жолаушылар вагондары – 1 360 бірлік (61%).

• Соңғы 10 жылда парк 60%-ға жаңартылды, бұл жолаушылар үшін жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

• Ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасы аясында 2030 жылға қарай вагондардың орташа жасы 10 жылға дейін төмендеп, пойыздардың 100%-ы кондиционерлеу жүйелерімен жабдықталатын болады.

• Жылжымалы құрамды жаңартудың маңызды кезеңі – Stadler компаниясымен келісімшарттың жасалуы. Келісім 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын өндіруді көздейді, оның ішінде:

— купелік вагондар;

— плацкарт вагондар;

— қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған арнайы вагондар;

— вагон-генераторлар.

• Stadler вагондарының алғашқы партиясы 2025 жылдың соңына дейін жеткізіледі. Өндіруші зауыт 20 жыл мерзімге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

• 2026 жылдан бастап Stadler вагондары келесі бағыттарда пайдалануға беріледі:

— №3/4 «Астана – Алматы»;

— №353/354 «Астана – Семей»;

— №85/86 «Астана – Шымкент»;

— №47/48 «Астана – Атырау».

• Сонымен қатар, Петропавл қаласындағы зауытта өндірілетін отандық жолаушылар вагондарын жеткізу бойынша RWS Wagon компаниясымен ынтымақтастық жалғасуда. 2024–2025 жылдары Ұлттық тасымалдаушыға 279 жолаушылар вагоны мен 18 электр пойызы жеткізілді, ал биылғы жылдың соңына дейін тағы 60 бірлік жылжымалы құрам алу жоспарланып отыр.

• Жаңартылған жылжымалы құрамдар негізгі бағыттарда қатынауда. Олардың қатарында: «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана», «Павлодар – Пресногорьковская», «Алматы – Новосибирск» бағыттары бар.

• «Әйелдер вагоны» жобасы төрт жылдан астам уақыт бойы табысты іске асырылып келеді және 12 бағытта жұмыс істейді. Жоба іске қосылғаннан бері бұл қызметті 822 мың жолаушы пайдаланған.

• Цифрлық сервистерді дамыту билеттерді онлайн сату үлесін едәуір арттырды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 91,2%-ға жетті, ал 2024 жылы 84,6% болған.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл