Пойызда тыйым салынатын әрекеттер

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау әрбір жолаушының міндеті екенін ескертеді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында төмендегі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:

1. Билетсіз жүру

Пойызға отыру үшін жолаушыда міндетті түрде жарамды билет болуы қажет. Билетсіз вагонда жүруге рұқсат етілмейді. Егер жолаушыда тексеріс кезінде билет болмаған жағдайда оны келесі станцияда түсіру мүмкін.

2. Балаларды құжатсыз алып жүру

Егер баланың жеке басын куәландыратын немесе ата-анасымен туыстықты дәлелдейтін ресми құжаттары болмаса, оны пойызға отырғызуға рұқсат берілмейді.

3. Алдын ала төлемсіз және рәсімделмеген багажды тасымалдауға

Бір жолаушыға белгіленген нормадан (35 кг) асатын багажды алдын ала төлем жасамай және тиісті құжатты рәсімдемей алып жүруге болмайды.

4. Құжатсыз жануарларды тасымалдауға

Ветеринариялық құжаттары жоқ жануарларды пойызда тасымалдауға қатаң түрде тыйым салынады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда жолаушыға пойызға отыруға рұқсат берілмейді.

5. Пойызда шылым шегуге

Пойыз ішінде шылым және электронды темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

6. Стоп-кранды себепсіз іске қосу

Төтенше жағдай болмаса, стоп-кранды басуға болмайды. Мұндай әрекет пойыз қозғалысының кестесін бұзып, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудырады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

7. Тыйым салынған заттарды алып жүру

Есірткі заттарын, жарылғыш немесе өткір заттарды пойызда тасымалдауға мүлде тыйым салынады. Мұндай заңбұзушылық анықталған жағдайда, жолаушы құқық қорғау органдарына беріледі.

8. Агрессия және жанжал туындату

Физикалық немесе психологиялық агрессияның кез келген түріне, оның ішінде сөзбен қорлау әрекеттеріне де қатаң түрде тыйым салынады. Бұл ережені бұзған жолаушы жақын маңдағы станцияда пойыздан түсірілуі мүмкін.

9. Пойыз қозғалысы кезінде түсу

Мұндай әрекеттер өмір мен денсаулыққа аса қауіпті және теміржол ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Пойыздан түсуге тек станцияларда және арнайы есіктер арқылы ғана рұқсат етіледі.

10. Вагонды ластауға немесе мүлікті бүлдіруге

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мүлкін бүлдіру, вагон ішін ластау немесе вандализм әрекеттері қатаң түрде тыйым салынады. Бұл ережені бұзған жолаушы жақын маңдағы станцияда пойыздан түсірілуі мүмкін.

11. Алкогольдік ішімдіктерді тұтыну

Пойыздың барлық вагондарында алкогольді ішімдіктерді тұтынуға қатаң тыйым салынады. Бұл шектеу тек мейрамхана-вагондарға қолданылмайды, онда ішімдік ішу қолданыстағы тәртіпке сай рұқсат етіледі. Аталған талапты бұзу жолаушының әкімшілік жауапкершілікке тартылуына және келесі станцияда пойыздан түсірілуіне себеп болуы мүмкін.

Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар келесідей байланыс арналары арқылы хабарласа алады:

* WhatsApp мессенджері арқылы +7 776 714 5686 нөміріне жазу;

* Вагондарда орналасқан QR-кодты сканерлеп, операторға тікелей WhatsApp арқылы хабарлама жолдау;

* 1433 нөміріне қоңырау шалып, тегін анықтама қызметін пайдалану.

Бұл ережелер «Теміржол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес бекітілген. «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады. Пойыз ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл