«Жолаушылар тасымалы» АҚ Astana IT University студенттерімен бірлесіп цифрлық шешімдерді енгізуде

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар теміржол тасымалдары саласындағы бизнес-процестерге заманауи цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл бағытта студенттер сала қажеттілігіне бейімделген өз жобаларын ұсынып, нақты өндірістік міндеттерді шешуге атсалысуда. Аталған бастама Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пен Astana IT University арасында дуальды оқыту туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық форматы академиялық даярлықты компанияның қолданыстағы бизнес-процестерімен ықпалдастыруды көздейді. Жобаға қатысуға ниет білдірген 135 үміткердің ішінен 14 студент іріктеліп алынып, төрт командаға бөлінді. Екі ай бойы олар компанияның нақты өндірістік және басқарушылық міндеттерін шешумен айналысты.

1. Басқарушылық есептілікті автоматтандыру

Командалардың бірі апталық жедел есепті автоматты түрде қалыптастыратын және деректерді дашбордтар арқылы визуализациялайтын сервисті әзірледі.

Жүйе әртүрлі Excel-кестелеріндегі деректерді біріктіріп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) автоматты есептеуге және талдамалық есептерді презентациялық форматта дайындауға мүмкіндік береді.

Аталған шешім деректерді қолмен өңдеу үлесін азайтып, адами факторға байланысты қателіктер ықтималдығын төмендетуге және басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттырады.

2. Жолаушыларға арналған интеллектуалды чат-бот

Екінші жоба — жолаушылардың өтініштері мен кері байланысын өңдеуге арналған интеллектуалды чат-бот.

Платформа шағымдар мен ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ жоғалған заттарға қатысты өтініштерді қабылдайды. Жасанды интеллект алгоритмдері арқылы пайдаланушылармен автоматтандырылған диалог жүргізіп, келіп түскен өтініштер негізінде талдамалық деректерді жүйелі түрде қалыптастырады.

Бұл жүйе кері байланысқа жедел әрекет етуге және клиенттік сервистің сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

3. Билеттерді сату кезіндегі аномалиялық операцияларды анықтау

Үшінші команда теміржол билеттерін сату операцияларын кешенді талдауға арналған мониторингтік жүйені әзірледі.

Бұл шешім күмәнді немесе жаппай сатып алу әрекеттерін автоматты түрде анықтауға бағытталған. Нәтижесінде алыпсатарлық белгілерді бастапқы кезеңде айқындауға мүмкіндік береді.

Тәуекелдер анықталған жағдайда жүйе компанияның ішкі регламенттеріне сәйкес қосымша тексеру жүргізу және қажет болған кезде есептік жазбаларды уақытша шектеу жөнінде тиісті хабарламалар қалыптастырады.

4. Багаж және жүк-багажды цифрлық есепке алу жүйесі

Төртінші бағыт — багаж және жүк-багаж тасымалын цифрлық форматта рәсімдеу мен оны толық сүйемелдеуге арналған платформаны әзірлеу.

Жүйе багаж және жүк-багажды ресімдеу үдерісін толық цифрлық форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету станция қызметкері арқылы да, WMS (Warehouse Management System) платформасы негізіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету арналары арқылы да іске асырылады. Шешім жөнелтілімді қабылдау сәтінен бастап оны табыстауға дейінгі барлық кезеңдерді бірыңғай цифрлық тізбекке біріктіреді.

Жоба аясында студенттер компания мамандарының жетекшілігімен нақты функционалдық модульдер мен ішкі цифрлық құралдарды әзірлеуде. Мұндай тәсіл бизнеске қолданбалы міндеттерді тиімді шешуге және саланың болашақ кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ әзірленген шешімдерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес ішкі келісімдер мен бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін операциялық қызметке кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды