«Jibek Joly» пойызы алғаш рет Душанбе қаласына дейін ұзартылды

2026 жылғы 20–25 наурыз аралығында «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени-танымдық бағыт бойынша жолға шықты. Жобаның жаңа кезеңінде бағыт алғаш рет Душанбе қаласына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маршрут Ұлы Жібек жолының бойындағы Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы секілді тарихи қалаларды қамтыды. Осы арқылы көне өркениет ошақтары мен заманауи мегаполистер біртұтас бағытта тоғысты. Турға 400-ден астам турист қатысты.

Тур пакетіне пойызбен жол жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсиялар, туристік нысандарға кіру билеттері және туроператорлар ұйымдастырған трансфер қызметтері енгізілді.

Жобаның мазмұндық құндылығы оның Наурыз мерекесі және қасиетті Рамазан айының аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келуі арқылы арта түсті. Бұл кезең – жаңару мен рухани тазарудың, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудың айқын көрінісі. Туристтер аймақ халықтарының дәстүрлерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, музыкасы мен тұрмыс-тіршілігімен, сондай-ақ тарихи мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, «Jibek Joly» туристік пойызы 2024 жылы алғаш рет іске қосылып, Қазақстан мен Өзбекстан арасында 10 туристік рейс жүзеге асырылды. Бағытқа деген жоғары сұранысқа байланысты «Keruen Express» туристік пойызы да қатар жолға қойылды. Жалпы, жоба басталғалы бері шамамен 3000 турист тасымалданды.

Сонымен қатар, «Jibek Joly» туристік пойызы Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) халықаралық көрмесінде ТМД кеңістігіндегі алғашқы халықаралық туристік пойыз ретінде сәтті жүзеге асырылғаны үшін «Үздік туристік өнім» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Өзбекстан темір жолдары», «Тәжікстан темір жолдары» және «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған туристік пойыздың іске қосылуы теміржол туризмінің дамуына жаңа серпін беріп, өңір елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға ықпал етті.

Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»