Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы

Жолаушылар тасымалы
01.05.2026, 10:13
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Надежда Швец небәрі 25 күн ішінде Қазақстанның барлық өңірін пойызбен аралап шықты. Турист пойызды қауіпсіз көлік ретінде таңдаған.

Надежда Швецтің айтуынша, 21 наурыз күні жолға шыққан Рудный қаласының тұрғыны бір қаладан екінші қалаға тек пойызбен қатынап, 14 сәуірге дейін Қазақстанның барлық өңірін аралап үлгерген. Ол тарихи-мәдени және туристік нысандарды тамашалаған.  

«Пойызбен аралауды таңдадым. Себебі жайлы әрі қауіпсіз. Кейбір билеттерді акциямен тым арзанға алдым. Қапшағай мен Алматы арасына билет құны 600 теңгеге шықты. Ең қымбатқа алған билетім – «Жезқазған-Ақтау» бағыты болды, 10 мың теңгеге шықты. Саяхат қызықты болды. Жолда көп адаммен таныстым. Қазақстанды пойызбен жалғыз аралаған алғашқы әйел ретінде Қазақстан рекордтар кітабына өтінім бердім», – дейді саяхатшы.  

Сапар барысында ол тек плацкарт вагондарын таңдап, жолай түрлі адамдармен танысып, әңгімелескен. Айтуынша, Қазақстанды саяхаттау туралы идеясын жолдасы қолдап, екі баласын алып қалған.  

Надежда сапарын Солтүстік Қазақстаннан бастап, батыс өңірінде аяқтады. Ол Қазақстанның әр өңірінен ерекше әсер алған. Қарағандыда Наурыз мерекесін өткізеді. Көкшетауда табиғатты тамашалаған. Петропавлда ботаникалық баққа, Павлодарда мамонт сүйектеріне, Таразда көне базарға, Ақтөбеде планетарийге барып, ерекше әсер алған.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды