Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

9 мамыр күні елордадағы теміржол вокзалынан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға аттанды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Атап айтқанда, №9/10 «Астана – Алматы», №85/86 «Астана – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойыздары мен №6803/6804 «Астана – Атбасар», №7502/7501 «Астана – Павлодар», №7507/7508 «Астана – Көкшетау» электр пойыздары арнайы тақырыптық безендірумен жолға шықты. Бұл бастама Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық қаһармандардың рухына тағзым етуге арналады.

Пойыз вагондарына қазақ халқының батыр перзенттері — Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Нүркен Әбдіров, Төлеуғали Әбдібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің портреттері орналастырылды.

Мерекелік пойыздармен сапарға шыққан жолаушылар ерекше безендірілген вагондарға қызығушылық танытып, естелік суретке түсіп жатты.

Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында осындай мазмұнды жобаларды дәстүрлі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл игі бастама тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай, жолаушыларға жол үстінде ерекше әсер сыйлайды.

Тақырыптық безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды. Осы уақыт ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары сапар барысында батырлар ерлігіне құрмет білдіріп, тарихпен рухани үндесе алады.

Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады