Қыс шанаңды жаз сайла
Жолаушылар тасымалы
31.07.2018, 10:29
Ел шығысындағы қатты отын мәселесі биыл жылдағыдан ертерек қолға алынды. Өткен жылғыдай қарбалас орын алып, тапшылық туындамауы үшін жергілікті тұтынушылар облыс басшылығының тапсырмасымен көмірді мамыр айынан сатып ала бастады.
Ал, бұл жайт теміржолшылар үшін көмір тасымалын ширату қажеттігін тудырды. Осы мақсат аясында Семей ЖТ басшылығы облыстық және қалалық әкімдіктермен бірге негізгі номенклатуралық жүктерді тиеу мен тасымалдауды арттыру бойынша арнайы кездесулер өткізген болатын. Тіпті, өткен айдың соңында қалалық әкімдіктер «Қаражыра» АҚ-мен меморандумға қол қойды. Соның аясында алдағы жылу беру маусымына ертерек даярланып, аймақтағы жылу беру көздерін көмір қорымен жетекілікті әрі үзіліссіз қамтамасыз ету шаралары межеге алынды. Сондай-ақ, теміржолшылар «Қаражыра» АҚ басшылығымен және облыстағы өзге де көмір қабылдаушы клиенттермен келіссөздер жасап, жаз айларында, яғни, дәл қазіргі күндері көмір тасымалын ұлғайту ісі мейлінше қарқынды әрі табысты түрде жүргізілуде.
Нәтижесінде бүгінгі таңда көмір тиеу өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 590,0 тоннаға ұлғайып, 3096,9 мың тонна отынды құрап отыр. Мәселен, теміржолшылар бір ғана облыстық жылу электр орталығының қажеттілігі үшін мамыр-маусым айларында 90 мың тонна көмір жеткізіпті. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3,3 есе көп екен. Тұтыну мөлшерінің былайша артуына тек алдағы қысқа даярлық қана емес, облыс әкімінің тапсырмасымен Семей қаласында жазғы маусымда да ыстық судың үзіліссіз берілуі себеп болып отыр.
Жалпы, ішкі сұраныс үшін көмір тасымалы әлі артатын болады. Себебі, өткен жылы шағын қазандықтар мен кәсіпорындар көмірді жаппай күзде сатып ала бастағандықтан елді мекендердегі көмір тиейтін жерлерде тапшылық байқалып, ұзын-сонар кезек туындаған болатын. Биыл оның қайталанбауы үшін алдын алу жұмыстар атқарылып жатыр. Әкімдіктер әр мекеме мен жылу орталықтарының көмірді кестеге сай сатып алуын, жеткізілуін қатаң қадағалауға алған. Ал, жазғы мерзімде дәл осындай көмір қарбаласы соңғы 20 жылда орын алмапты.
Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, қазіргі күні экспортқа шығарылатын көмір динамикасының да артуы байқалып отыр. Атап айтсақ, 1-ші шілде күнгі көрсеткіш бойынша экспортқа жіберілген көмір 511,2 мың тоннаға жетіп, 181 пайызды құрапты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 229,6 тоннаға артық деген сөз. Жалпы, бұл тараптағы көрсеткіш соңғы үш жыл қатарынан қарқынды түрде артып келеді екен.
Ал, тиелінген көмірді уақытында, қауіпсіз әрі мол көлеммен жеткізу үшін Семей ЖТ бөлімшесі тарапынан ауыр салмақты ұзын жылжымалы құрамдар мен тыңнан қолға алынған эксклюзивті жоба – «шаттл» пойыздары қолданылуда.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл