Ұйымшыл ұжым ұтады
Жолаушылар тасымалы
07.08.2018, 11:33
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығын Балқаш станциясының ұжымы табысты аяқтап, биік белестен көріне білді. Нақты дерекке сүйенсек, вагондардағы жүк тиелімі 2763 бірлікке асыра орындалып, жоспар 141,1%-ті құрады. Ал тоннаға шаққандағы көрсеткіш 169266 тоннаға артық тиеліп, жоспар 140,1%-ті құраған.
Десе де, бұл көрсеткіштер өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда төмендеу болып отырғанын айтады станция басшылығы. Оған себеп, күкірт қышқылы цехындағы пештің жөндеуге тұрып қалуынан жүк тиелімі болмаған. Статистикалық жүктемеге келсек, бұған қатысты меже жоспарлы 61,99 т/вагон орнына 62,16 т/вагонды құрап, орташа есеппен алғанда 0,17 тоннаға артқан. Алты ай ішінде 39433 вагоннан жүк түсіріліп, меже 862 вагонға артық орындалған. Әсіресе, жүк түсіріліміне қатысты көрсеткіштің ақпан, сәуір, мамыр айларында асыра орындалғаны байқалады.
Жергілікті вагонның бір жүк операциясы кезінде тұруы 5,19 сағатты құрап, жоспар 123% құрады. Ал вагон айналымы 1873 вагонды құрап, жоспар 109%-ті құрады.
Үстіміздегі жылдың алты айында Балқаш-1 станциясының жүк бөлімі қызметкерлері тарапынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша станцияға 19 тексеріс жүргізіліп, станцияның жүк цехтарының қызметкерлеріне 15 техникалық сабақ өткізілген.
– Алты ай ішінде Балқаш станциясында пойыздарды қабылдап-жөнелту, вагондарды түсіру және маневрлік жұмыс өндірісі барысында қозғалыс қауіпсіздігі сақталды. Пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында ақауға жол берілмей, вагон паркі мен тасымалданған жүктердің сақталуы қамтамасыз етілді. Бұл арада қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмай, келеңсіз жағдайлардың орын алмауына жыл басынан бері өтіп жатқан түрлі тақырыптағы айлықтардың көп көмегі тиіп жатқанын баса айтар едім. Мәселен, «Жылжымалы құрамды бекіту», «Вагондарды қауіпсіз түсіру», «Назар аударыңыз, тежегіш табандығы» сияқты тағысын тағы айлықтар өтті. Бірінші жартыжылдықта өндірістік жарақаттану жайттарына да жол берілген жоқ. Бұл бағытта да еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыстың ерекше режимі, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту сынды түрлі айлықтар өтті. Бұл айлықтар бақылауды күшейтуге, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға мол септігін тигізеді. Оның үстіне, станция бастығы ретінде менің жетекшілік етуімен және логистика жөніндегі орынбасарымның жетекшілігімен техникалық сабақтар өткізіп тұрамыз. Пойыздардың қозғалысымен тікелей байланысты барлық маман жұмысқа түсер алдында міндетті медициналық тексерістен өтіп, денсаулығын тексертеді. Жұмыс орындары аттестацияланып тұрады. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар сүтпен қамтамасыз етілген. Бүгінде қыстық арнайы киімдер кестеге сай жеткізіле бастады. Осы киімдердің сапасын қарайтын арнайы комиссия құрылған. Балқаш станциясының ұжымы алдында алдағы екінші жартыжылдықта да станцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бірінші кезекте ол станцияның сандық және сапалық көрсеткіштерін орындап, арттыруға қатысты. Балқаш станциясынан бағалы жүк түрлері тиелетін болғандықтан, жүктердің діттеген жеріне шашау шықпай жетуі маңызды. Осы бағытта жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін Балқаш станциясының темір жол торабындағы өзге темір жол мекемелерімен, жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдап алушылармен тығыз байланыс жасап, кездесулер ұйымдастырып келеміз. Бұл жұмыстар келешекте де жалғасын таппақ. Ең бастысы, ұжым болып пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға аянбай еңбек ететін боламыз. Ұжым ұйымшыл болғанда, жұмыс тиімді, алар асу биік болмақ, – деп ой бөлісті станция бастығы Аманжол Омаров.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады