Kaspi.kz ҚТЖ-мен бірелесе отырып kaspi.kz супержүктемесі арқылы темір жол билеттерін онлайн сатып алу жүйесін іске қосты. Билеттерді Kaspi Gold арқылы толықтай немесе жартылай, несиеге, сонымен қатар Kaspi-бонус бойынша төлеуге болады. Kaspi.kz басшысы Михаила Ломтадзенің айтуынша енді Kaspi.kz супержүктемесінің Kaspi Travel бөлімі арқылы қазақстандықтар авиабилеттер секілді темір жол билеттерін де онлайн түрінде жылдам әрі оңай сатып ала алады.

-Біз Қазақстанның әр өңіріне поездбен саяхаттау көпшілікке қолайлы болғанын қалаймыз. Сондықтан да әрдайым қызмет көрсету түрлерін жетілдіріп, цифрлық жүйе енгізіп отырмыз. Таяуда біз ҚТЖ мен Kaspi.kz IT жүйесін интеграцияландырдық. Соның арқасында жолаушыларымыз үйден шықпай-ақ поездға билет алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл клиенттерге қолайлы жағдай жасауға арналған компаниялар серіктестігінің озық үлгісі -деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Петер Штурм