Теміржол саласында 40 жылдан артық еңбек еткен ақтөбелік маман зейнет жасына жетті

ҚТЖ келбеті
13.12.2021, 14:32
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі нормативтік-техникалық құжаттарын дайындау бөлімінің аға инженері, тәжірибелі теміржолшы Түгелдес Борамбаев зей- нет жасына жетті. «Қырық жыл көзді ашып-жұмғандай өте шықты...» деп таң қалады кейіпкеріміз. Ол миллиондардың өмірін жалмаған сұрапыл соғыстан кейінгі жылдары өмірге келді. Соғыс ызғары тарай қоймаған заманда өсіп, ер жетті. Теміржолшылар әулетінен шығып, әке жолын абыроймен жалғаған азамат Қазақстан темір жолының құрылуына, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына тамшыдай болса да үлес қосқанын мақтан тұтады.

«Еліміз тәуелсіздік алған жылдары пойыз диспетчері болып жұмыс істедім. Ол 1993 жылдар болатын. Кеңес үкіметі тарап, әр ел вагондарды бөліп, иемденіп алып жатқан кез. Көршілес елдер вагондарға өз кодтарын қойып жатты. Қазақстан вагондарына 27 деген код қойылды. Шекаралық станцияларда мыңнан аса вагондар тұрып қалатын. Бұл теміржол саласына ауыр тиді. Локомотивтер мен вагондарды жөндеу жұмыстарында орасан қиындықтар болды. Пойыздар азайып, диспетчерлік шеңберлер біріктіріле бастады. Тәуелсіз Қазақстан осындай қиын кезді жеңіп шықты. Өз теміржолының төл тарихын жасады. Оны көзімізбен көрдік, – деп өткен күннен естелік шертті Түгелдес Борамбаев.

Ол 1980 жылы Ақтөбе темір жол техникумын бітіріп, жолдамамен Жіңішке станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. Жұмысқа деген жауапкершілігі, тиянақтылығы назардан тыс қалмай сатылап өседі. Әуелі пойыз құрастырушы, сосын станция кезекшісі болды. 1988 жылы пойыз диспетчері болып 10-5 жыл табан аудармай еңбек етті. 2005 жылдан Жайсан-Қандыағаш телімінің қозғалыс ревизоры болып қызмет атқарды. 2008 жылдан күні бүгінге дейін Батыс аймақтық филиалының техникалық құжаттарды әзірлеу бөлімінің жетекші инженері.

«Негізгі жұмысым – теміржолдағы қауіпсіздікті жіті қадағалау. Әсіресе, нормативтік-техникалық құжаттардың орындалуы, сақталуы мен қолдану аясы қатаң бақыланады. ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігінің департаменті арнайы қадағалау кестесін бекітеді. Батыстағы бес бөлімшедегі нормативтік талаптардың сақталуын сол кестеге сай тексереміз, қадағалаймыз. Қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты барлық бөлімдердегі құжаттардың сәйкестігі, орындалуы қаралады. Техникалық басқару актісі негізінде жұмыстар жүргізіледі», – дейді тәжірибелі теміржолшы.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті