Абырой биігіндегі алпыс

ҚТЖ келбеті
29.09.2026, 08:54
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Меруерт Өмірзақова

1999 жылдың қыркүйек айы. Арқаға қоныс аударған дүрмекпен Астанаға көшіп келген «Қазақстан теміржолшысы» газеті бірталай қиындық-кедергіге тап болды. Басына бақ қонып астана статусына ие болған тың игерушілердің шағын қаласы бір демде лап қойған кешегі көшпенділердің ұрпағын қабылдауға шамасы жетпей астан-кестеңі шығып жатты...

Алматыдан көшіп келген газет редакциясын құшақ жая күтіп отырған ешкім жоқ екен. Ескі қалада тарыдай шашылып орналасқан ҚТЖ мекемелерінде журналистер үшін орын табылмады. Тек қала сыртындағы «Сороковая» аталатын станциядағы «Ремпуть» жолшылар мекемесі жылы қабақ танытып, бірнеше бөлмесін босатып берді. 

Редакция ұжымы үшін нағыз қиямет-қайым басталғандай еді. Біріншіден, көлік қатынасы қиын, шашылып қалайын деп сықырлап зорға жүрген 22-ші нөмірлі жалғыз автобус анда-санда бір қатынайды. Интернет тұрғай, телефон байланысы өте нашар (қалта телефон ол кезде атымен жоқ). Газеттің кезекті номерін шығару үшін талай рет тайлы тұяғы қалмай компьютерлерін көтеріп сол кездегі жалғыз баспаханаға барып таңға дейін жүрген күндер болды. Қазан айының сондай бір жауын-шашынды күні редакция ұжымы баспаханада «Астана ақшамы» газетінің компьютер маманы Ерболатты жолықтырған. Салмақты да тиянақты «местный» жігіт бәріне ұнады. Ұнағаны сонша ұзақ айналдырып... өздерімен бірге ала кетті. 

Бүгін ел ағасы атанар 60 жасқа толып отырған «Қазақстан теміржолшысы» газетінің техникалық редакторы Ерболат Серікұлы Тілеубергенов біздің ұжымға осылай келген еді. Қаланың ортасындағы жылы орнын тастап, сонау «ит өлген жерге» қатынап жұмыс істеу Ерболатқа оңай болмағаны анық. Бірақ белгісіз бір күш Ерболатты кілең өз қатарластары, жастардан құралған теміржол газетіне біржолата байлаған. Расымен, редакцияға берілген атшаптырым үлкен бөлмеге жиналып алып у-шу болып отыратын ұжымның жұмысы қиындығымен қатар қызық та еді. Журналистер Гүлнар мен Тұрсынбай мақала жазып, Гүләйім оны компьютерде теріп (персональный компьютер деген ол кезде атымен жоқ), жауапты хатшы Ермек макет сызып, Ерболат верстка жасап, бас редактор Бахытжан бет оқып қарбаласып жататын. Ортада – жалғыз қара телефон. Екінші қабат – жатақхана. Қаладан келетін Ерболат – бірден бір байланыс бюросы. Тіпті желтоқсандағы алғашқы аязда бетін үсітіп үлгерген қыздарға базардан қаздың майын әкеп бергені, Целиноградта туып-өскен, әріптестер «нағыз астаналық» деп қалжыңдайтын Гүлнар Распаева екеуі талай рет табақ-табақ ет әкеліп, ашқұрсақ жүрген жатақхана тұрғындарын тойдырғаны естен кетпес естелік... 

Редакция тарихына «казармалық өмір» деген атпен енген сол кезді көзкөргендер бас қосқанда сағынышпен еске алады. Көп жыл газеттің жауапты хатшысы болған Ерболат Серікұлы талай тар жол тайғақ кешуден өткен редакциямен бірге есейді, өсті, тәжірибе жинады. Семейдің Аягөз өңірінде туып-өскен Ерекең жұбайы Әлия екеуі елордаға Жанбота есімді ұлдарымен ертеректе, 90 жылдардың басындакеліп қоныстанған екен. Бүгінде газеттің техникалық редакторы. Айтуға оңай, шын мәнінде бүкіл газеттің шаруашылық жұмысын, есеп-қисабын жүргізіп, оргтехникадан бастап канцтоварға дейін түгендеп отыратын аса жауапты маман. Қандай да бір техника істен шығып немесе қағаз таусылып қалса – техредактор жауапты. Аптасына екі рет газет шығатын күні баспаханада кезекшілік етіп, ай сайын журналистердің қаламақысын есептеп, газет тарататын, Қазпочтамен байланысып бір тыным таппайтын біздің техникалық редактор – расымен әмбебап. Газетке сіңірген көп жылғы адал еңбегі «Белсенді қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан темір жолы – 120 жыл» және Сала кәсіподағының мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталып, бірнеше рет ҚТЖ басшылығының Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен аталып өтті. 

Алпыс деген асқаралы жасқа иек артып отырған қадірлі әріптесімізді шын жүректен құттықтап, жоғары жауапкершілігіңіз бен табандылығыңыз үшін, өз ісіңізге деген адалдығыңыз үшін рахмет дейміз. Отбасыңыз аман, айналаңыз түгел болып, жұбайыңызбен бірге сүйікті немерелер ортасында бақытты да баянды ғұмыр сүріңіз деген тілек білдіреміз. Абырой биігіндегі алпысыңыз құтты болсын! 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл