Ақтөбелік кәнігі маманның пайымынша маневрлік қозғалысты басқару ең күрделі жұмыс

ҚТЖ келбеті
01.03.2022, 13:25
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Құрметті теміржолшы Бекболат Бермағанбетов Ақтөбе станциясының маневрлік диспетчері. Күрделі де қиын салада еңбек етіп келе жатқанына биыл 42 жыл. Қысқасы, осы саланың «майын ішіп, жілігін шаққан» майталман.

«Уақыт шіркін жүйткіп барады. 4-5 айдан кейін зейнетке шығамын. Теміржолға кеңес үкіметі кезінде жұмысқа кірдік. Тәуелсіз Қазақстанды құрып, енді міне, Жаңа Қазақстанның кезінде зейнетке шыққалы тұрмыз. Текке өмір сүрген жоқпыз, әр адам өз өмірінің қожасы, өз таңдауымен өмір сүреді. Мен жастайымнан теміржолды таңдап, «қозғалыс, қауіпсіздік» деп жарғақ құлағымыз жастыққа тимей еңбек еттік. Басқа салада жұмыс жасау туралы ойлап та көрмеппін. Әкем осы станцияда пойыз құрастырушысы болып 30 жыл еңбек етті. «Ленин» орденін алған теміржолшы болды. Көз ашқалы көргеніміз теміржол болғандықтан 20 жасымда келген сала мен үшін қымбат та ыстық», – деп сыр шертті Бекболат Бермағанбетов.

Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе станциясында пойыз құраушының көмекшісі болып бастаған кейіпкеріміз пойыз құрастырушы, бағыттаушы, станция кезекшісі, станция басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір «Ақтөбе-1» және «Ақтөбе-2» станциясындағы пойыздар қозғалысын реттеп отыратын маневрлік диспетчер. Станциядағы пойыздар қозғалысы, вагондарды тарату-жинау, қайта құрастыру, дайын құрамдарды жасақтап, локомотивті пойызға тіркеп, жолға шығару – осы маневрлік диспетчердің сауатты іс-әрекетіне тікелей байланысты.

«Бүкіл қозғалысқа жауапты диспетчер жұмысының оңайы жоқ, дегенмен ең қиыны – маневрлік қозғалысты басқару екенін осы жұмысты істеп көрген адам түсінеді. Алматы, Атырау, Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызын да шығарып, дайындап береміз. Станция кезекшісі қабылдап алып, сапарға аттандырады. Сонымен қатар, тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жергілікті жүк пойыздарын да дайындаймыз. Қысқасы, жұмыс қиын да күрделі, мүлт кетуге болмайды», – дейді ол.

Теміржолшының әр ауысымы жоспармен танысудан басталады. Құрылған кесте негізінде ағытылуы керек пойыздар мен екі станциядағы локомотивтер қозғалысымен мұқият танысып шығып, өз қызметіне кіріседі, яғни құрамды тарқатады, жинай- ды, қай вагонды қайда апарады, тіркейді, пойыз құрастырушы, белгі беруші, станция басындағы қозғалыс үдерісіне жауапты мамандармен бірге жұмысты бастайды. Станцияда тапжылмай осынша жыл еңбек еткен Бекболат Бермағанбетовтей теміржолшы көп емес. Сондықтан болар, шәкірттері де аз емес, алды Астанада, Ақтөбеде басшылық қызметтерде жүр. «Ұстаздан шәкірт озар» деген, олардың жетістіктеріне тек қуанады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды