Жолсеріктер ағылшын тілін қалай меңгеріп жатыр?

ҚТЖ келбеті
11.02.2023, 12:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бірнеше жыл бұрын «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері арасында ағылшын тілін меңгеру үрдісі белең алды. Жаппай ағылшынша тіл сындыруға көшкен жолсеріктер бастамасы қандай нәтиже берді?  

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрболат Байпақов – «Батыс» жолаушылар тасымалы филиалына қарасты «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызының бастығы. Осыдан отыз жыл бұрын, 1992 жылы еңбек жолын бастаған ол кезінде халықаралық пойыздарда жолсерік болыпты. «Алматы-Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызында да жабылғанша бірнеше жыл жүрді.  

Тәжірибелі маман бүгінде өз алдына бір құрамды басқарып отырған пойыз бастығы болған соң жауапкершілік еселеп артқанын, бұрын бір вагонға жауап берсе, бүгінде бүкіл құрамға жауапты екенін айтады. Нұрболаттың бригадасы – ағылшын тілі курсына қатысып, тіл үйренуге ықылас қойған алғашқылардың бірі.  

«Жолаушыларға сервистік қызмет көрсететін жолсеріктер мен аспансеріктерге ағылшын тілін меңгеру қажеттігі ЭКСПО кезінде өзекті бола түсті. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп кету оңай емес әрине, дегенмен жолаушыларға қызмет көрсету  барысында қолданылатын қажет сөздерді үйрендік. Арнайы курс бітіріп шыққанбыз. Қазіргі кезде жетілдірудеміз. Негізі, тіл білу – қажеттілік. Халықаралық пойыз болмасақ та ел ішінде жүрген шетелдіктер мінеді. Саяхаттап жүретіндер болады. Біздің жолсеріктер мақтанып айтып отырады, «Шетелдік жолаушымен ағылшын тілінде түсіністік, риза болып қалды...» деп. Демек, біреу үшін емес, әркім өзі үшін тіл үйренгені жөн, қай жаста болсаң да», – дейді Нұрболат Байпақов.

Соңғы сегіз жылдан бері 691-692 нөмірлі «Ақтөбе-Атырау» пойызының бір бригадасын басқарып отырған кейіпкеріміздің баса мән беретіні тазалық мәселесі екен. «Тазалық бар жерде сервис те бар, басқа да бар. Әр сапарда 400-ге жуық жолаушының вагонда өз үйінде отырғандай жайлы сезінуі үшін қызмет көрсету – біздің міндетіміз, сол үшін жалақы аламыз. Осыны жолсеріктерге сапар сайын қайталап отырамын», – дейді кейіпкеріміз.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды