Ағайынды машинистер

ҚТЖ келбеті
13.04.2023, 13:16
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар локомотив депосында Домбаевтар әулеті танымал теміржолшылардың бірі. Бір әке-шешеден тараған төрт ағайынды жігіт те бірінші класты машинист атанған. Жауапкершілік пен тиянақтылығы үлгі болған ағайынды мишинистер өмірі көпке үлгі. 

Екінші класты учаскелік Шалқар станциясы әуелден теміржолшылар қаласы атанып кеткен. Мұндағы әр үйді бір теміржолшы асырап отыр. Шалқар-Сексеуіл, Шалқар-Тассай, Шалқар-Жем бағыттары бойынша жұмыс істеп, тәулігіне 30-ға жуық пойыз жіберіп отырған станциядағы локомотив депосының орны бөлек. Қазақстан теміржолының дамуына үлес қосқан талай теміжолшыға ұстахана болған орын. Бүгінгі кейіпкерлеріміз де осы киелі шаңырақта еңбек еткен.  

Тіршілігі теміржолмен біте қайнасып, темірдей тәртіпке бағынған Домбаевтар әулеті Шалқар локомотив депосында ғана емес, осы саладағы Батыс өңіріне жақсы таныс. Отбасының барлық мүшесі ел экономикасының күре тамыры саналатын теміржол бойында еңбек етеді. Ерекшелігі – қарапайым көпбалалы отбасынан шыққан төрт азамат адал еңбекпен жоғары деңгейдегі машинист дәрежесіне көтерілді. Нағыз еңбек адамын осы әулеттен табасыз. Әулеттің абыройын асырған аға буынның алды бүгінде зейнет жасында.  

Бірінші класты ағайынды төрт машинист көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Ұлы Отан соғысының ардагері, екінші топ мүгедегі Наурызғали Домбаев пен Әсия ананы шаңырағында өмірге келген. Отбасындағы 11 баланың алды соғыс жылдарындағы қиындықты көрді. Ана мен әкеге қолғабыс болған балалар қазақ жеріне алғаш келген теміржол құрылысын көзімен көрген. Отбасында алғаш 1-класты машинист атанған ағалары – Мырзағали Домбаев есімді азамат. Алғаш паровозға мініп, темір тұлпардың құлағында ойнаған азамат бүгінде құрметті демалыста.  

Ағаның жолын қуып, Жүсіпқалы Домбаев есімді інісі де теміржол саласында нанын тапты. Ол Батыс Қазақстан жол бөлімшесінде Ақтөбе санитарлық-эпидемиологиялық станциясында аға дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Қазір еңбек демалысында.  

Теміржолшы мамандығы әрі қарай әулеттің негізгі таңдауына айналды. Ағаларының жолын қуып, Бақытқали Домбаев та теміржолшы мамандығына түседі. Кейін Шалқар локомотив депосында машинист көмекшісі, машинист, 1-класты машинист қызметін атқарған. Темір тұлпарға мінген жас буынға жол көрсетіп, бағыт берген аға буындардың бірі. Өмірінің ширек ғасырын теміржолда өткізген Бақытқали ақсақал қазір еңбек дамалысында.  

Ағаларының жолын қуып, Байғали Домбаев та Шалқар локомотив депосында еңбек етті. Теміржолшы мамандығымен бесігінен таныс азамат депоға машинист көмекшісі болып қабылданып, кейін 1-класты машинист атанады. Қазір Жем локомотив пайдалану депосы Шалқар айналымында ТД-1 аға локомотив қабылдаушы болып, қызмет етіп жүр.  

Дәстүрлі таңдау үзілмеді. Досқали Домбаев есімді азамат та ағаларының ізімен темір жолға келді. Шалқар локомотив депосында машинист көмекшісі, машинист, 1-класты машинист атанып, Жем локомотив пайдалану депосында еңбек етіп жүр.  

«Бұл теміржол үстіне қаншама тағдыр, қаншама өмір байлаулы. Сан мыңдаған адам жолаушы болып, мыңдаған тонна жүк тасымалданады. Күннің аптап ыстығында да, қытымыр аязында да жұмыс тоқтаған емес. Бұл жерде ең бастысы-қауіпсіздік. Өмірімнің жартысы осы жерде өтті. Мақтан етемін. Біздің үйде теміржолдан басқа әңгіме айтылмайды», – дейді Досқали Домбаев.

Үйдің кенжесі Достанғали Домбаев та теміржолшы. Шалқар локомотив депосына слесарь болып кіріп, қазір «Қамқор» локомотив жөндеу депосының Шалқар филиалында құрал-сайман дайындау цехында мастер қызметін атқаруда.  

Осындай теміржолшылардың тынымсыз тірлігі ел экономикасына тамшыдай үлес қосуда. Отбасында теміржолшылардың темірдей тәртібі менмұндалап тұр. Әулеттің әрбір мүшесі саланың бейнеті мен зейнетін көріп, берекелі ғұмыр кешуде.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды