Бард әншілер байқауында атыраулық теміржолшы жүлделі болды

ҚТЖ келбеті
11.09.2023, 11:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде өткен Табылды Досымов атындағы бард әншілер байқауында атыраулық теміржолшы жүлделі орын алды. Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері бірнеше танымал ақындардың өлеңіне ән жазған. 

Атырау қаласы Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы автоматтандыру-басқару саласы бойынша техникалық құжаттар инженері Ержан Сағымбаев сенбіде өткен бард әншілер байқауына қатысты. Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды әндерінің кешінде өнер көрсеткен теміржолшы көрерменнің көзайымына айналды. Онымен бірге ән шырқап, қошеметке бөленді.

– Өнерге бала кезден жақынмын. 5-6 сыныпта жүргенде Табыл ағамыздың әндерін дискіден естіп, қатты қызығып өстім. Бәрі гитара тартуды үйренуден басталды. Табыл ағамыздың барлық әнін жатқа білемін. Өнерге дипломсыз талпынғандардың бірімін. Байқауларға қатысып көрген жоқпын. Бұл – менің өнер саласындағы алғашқы байқауым. Тек кештерде, концерттерде ғана ән салып жүрмін. Табыл ағамыздың жерлесімін, сол Индер ауылынанмын, – деді теміржолшы қазақтың заманауи жырауының жерлесі екенін айтып.  

Атыраулық теміржолшы қазаққа бардтық стильді әкелген Табылды Досымовтың әндерін нақышына келтіріп орындады. Т.Досымовтың «Биіктік», «Қазақ едім дегенше», «Ақ дидарың-ай сенің, ақ дидарың-ай!» әндерін айтқанда көпшілік бірге қосылды. Байқауға қатысқан теміржолшы ән жазу өнерінің барын да айтып қалды.  

– Әндерім саусақпен санарлықтай ғана. Ершат Қайболдин, Ерлан Жүніс секілді ақындардың өлеңдеріне ән шығардым. Бірнеше кеште орындадым, – дейді Ержан Сағымбаев.  

Ержан Ақжайық белгі беру дистанциясында 2020 жылдан бері еңбек етеді. Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару мамандығын бітірген жас маманға жұмыс табу қиынға соқпаған. Таңдаған кәсіптің иесі атанған маман болашақта өнерін де қатар шыңдамақ.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды