Жаңа жылды жұмыста қарсы алатындар (Фото)

ҚТЖ келбеті
30.12.2023, 12:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Жаңа жылды отбасылық мейрам деп жатамыз. Өйткені көпшілік бұл күні өз шаңырағында дастархан жайып, ақжарма тілектерін айтып, жақындарымен бірге болуды қалайды. Дегенмен, қызметіне байланысты жаңа жыл түні жұмысқа шығып, ел үшін еңбек ететіндер бар. Сондай жандардың бірі біздің теміржолшылар.

Экономиканың күре тамыры саналатын теміржол саласы күні-түні үздіксіз қызмет етеді. Жаңа жылда пойыз тоқтамайды, сондықтан машинистер, жолсеріктер, станция, вокзал мен басқа да құрылымдар жұмыс істейді.  

Жаңа жылды жұмыста қарсы алғалы отырған жандардың бірі Оңғалбек Әбішев. Ол «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығында аға дистпетчер.  

О.Әбішев пойыздардың жүріп-тұруын қашықтан бақылап отырады. Айтуынша, қазір Жамбыл бөлімшесінің жолаушылар мен жүк тасымалын бақылайды. Теміржолшы бұған дейін жаңа жылды бірнеше рет жұмыста өткізген.

«Өзім 1995 жылдан бері теміржолда жұмыс істеп келемін. ТБАО-да 2009 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын. Теміржолда темірдей тәртіп болу керек. Жұрттар демалып жатқанда, теміржолшылар жұмыс істей береді. Жолаушы, жүк пойыздары бар, диспетчерлер бәрі жұмыс істей береді. Осы теміржолда істеген 28 жылда 7-8 рет жаңа жыл түні жұмысқа шықтым. Ол солай қалыптасқан тәртіп, демалмай қалдым деп қапа болмаймын. Кезекшілігің қалай келеді, солай жұмысқа шығасың. Отбасым да оған түсіністікпен қарайды. Бәрі үйренген. Қазір екі ұлым да теміржолда қызмет етіп жатыр, олар бәрін түсінеді», - дейді кейіпкеріміз.

Теміржолшы жаңа жыл түні мейрамды жұмыстағы әріптестерімен 10-15 минутта атап өтетінін айтады. Бір-біріне тілектерін айтып, ары қарай жұмыстарын жалғастыра береді.

Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығында Оңғалбек Әбішев сияқты 15-ке жуық диспетчер бар. Әрқайсысы әр бағыт бойынша жұмыс істейді. Кешкі ауысымда жұмыс істейтіндер сағат 21:00-ден таңғы 09:00-ге дейін шығады.  

Дичпетчерлер станцияға қандай пойыз келе жатқаны жайлы алдын ала хабар беріп, оларға жол дайындауға нұсқаулық береді. Егер жолда бірдеңе дұрыс болмаса станцияға қоңырау шалып, байланысқа шығады.  

Сөз соңында Оңғалбек Әбішев барлық теміржолшыларды жаңа жыл мейрамымен құттықтап, мол табыс тіледі!

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды