Он сегізде от кешкен...

ҚТЖ келбеті
15.02.2025, 12:32
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы машинист, Ауған соғысының ардагері Асылбек Наурызбаевтың құрметіне шағын басқосу ұйымдастырды. Түбектегі машинистердің арасында «Танкист машинист» деп танылған ағамызды депо басшылығы мен кәсіподағы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күнімен құттықтады.

Ауған жерінен әскерилердің шығарылғанына 36 жыл толуына орай 36 мың теңге қаржылай сыйлық пен Алғыс хат, Маңғыстау теміржолына 60 жыл төсбелгісін табыстады. Депо басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Төлепбергенұлы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілсейт Нәбиханов Ауған соғысының ардагерінің еңбегі туралы сөз етіп, өзінің әскери міндетін жат жұрттағы от майданда өтеп, ауған асуынан асқан ағамызға жылы лебізін арнады.  

Асылбек Наурызбаев небәрі 18 жасында Ауғанстандағы инернационал жауынгерлер қатарына қосылып, 65 753 полкінің танк батальонында қызмет етеді. Танк жүргізеді, әрі атқыш, әрі танк командирі рөлін атқарады. Бірнеше жауынгерлік операцияға қатысады.  

– Әкем ағаш шебері. Анам көп балалы ана. Осындай қарапайым жанұяда алты ұл, екі қыздың кенжесі болдым. Мектепті бітірген 1987 жылы әскерге кеттім. Түркіменстанның Тәжен қаласына алып барып, алты айлық әскери дайындықтан өткізді. Біз бастапқыда ол Ауғанстанға дайындайтын жер екенін де, бізді ол жаққа жіберу үшін оқытып жатқанын да білмедік. Онан соң полк командирінің бұйрығымен әр ротадан 35 баладан таңдап алды. Сол 35 жігіттің бірі мен едім. Жарты жылдық оқытудан соң бізді Ташқорған қаласына алып кетті. Танк батальонына түстім. Сол жерден өз борышымызды атқарып, түрлі жауынгерлік операцияға қатыстық. Біреуінде танк жарылып, жеңіл контузия алдым. Емделіп, қайта міндетімді жалғастырдым, – дейді машинист ардагер.

Асылбек аға отыз жылдан астам осы салада. Соның жартысынан астамы тепловоз рулінде. Теміржолдағы жұмысын 1990 жылы көрші елдегі Жаслық локомотив депосында слесарь болып бастапты. Екі айдаң соң деподағы оқу курсынан өтіп, машинист көмекшісі жұмысына ауысады. Кейін Ташкент қаласында бір жылдық машинист оқуын оқиды. Міндетін машинист болып жалғастырады. Қазақ теміржолындағы еңбек жолы 2002 жылы Маңғыстауға қоныс аударғаннан кейін басталады. Елге келе сала Маңғыстау локомотив пайдалану депосына көмекші машинист болып жұмысқа орналасады.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл