Жас теміржолшы халықаралық байқау жеңімпазы атанды

ҚТЖ келбеті
18.03.2025, 08:43
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның «Жас темір» бағдарламасы арқылы Астана станциясының пойыз қабылдаушысы Бейбарыс Елеусізов «ХХІ ғасыр көшбасшысы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Оның жұмысы барлық талапқа сай деп танылып, жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық істерге белсенді атсалысқаны үшін жүлделі марапатқа ие болды.

Байқауды «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығымен бірге «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Ұлытау облысы Жезқазған өңірінің тумасы Бейбарыстың «Жас темір» бағдарламасы бойынша теміржолда жұмыс істеп жүргеніне алты ай болыпты.  

– Жастар саясатын жүзеге асырумен 2019 жылдан бері айналысып келемін. Былтыр Халықаралық гуманитарлық көлік университетін тәмамдап, осы бағдарламаға өтініш беріп өткен едім. Содан бері Астана станциясында пойыздар қабылдаушысы болып еңбек етіп келемін. Студент кезімнен қоғамдық істерге белсенді араласамын. Аманат партиясы «Жастар қанатының» белсенді мүшесімін. Сайлау науқандары кезіндегі жұмыстарға, «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатыстым. Волонтерлік жұмыстармен де өте көп айналысамын. Осы іс-шараларға қатысқаным туралы сертификаттарым мен марапаттарымды аталған байқауға ұсындым. Халықаралық байқауда жеңімпаз атанам деп ойлаған жоқпын әрине, дегенмен өте қуаныштымын. Бұл жерде сертификаттарыңның бәріне нақты дәлелдер керек болды. Сол талаптардың бәріне сай жұмыстарымды лайықты деп бағалады, – дейді Бейбарыс Ержанұлы.  

Бейбарыстың ата-анасының бірі металлург болса, бірі фабрикада жұмыс істейді, яғни нағыз еңбек адамдарының әулетінде тәрбие алған.  

– «Жас темір» бағдарламасы 1,5 жылдық жоба. Жоба біткеннен кейін де жұмысымды осында жалғастыра беремін. Менің міндетіме – вагондардың сақталуы мен жеткізілуін қамтамасыз етіп, оның құжаттары мен барлық талаптарға сай екеніне көз жеткізіп қабылдау, келесі станцияларға бүтін дұрыс күйде жеткізуді қадағалау кіреді. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді жас теміржолшы.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті