Екатеринбургте (Ресей Федерациясы) ТМД елдерінің теміржол көлігі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды. Ауқымды жарысқа Ресей мен Достастық елдерінен 3 мыңнан астам теміржолшы қатысып, 60 конкурстық бағытта бақ сынасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Чемпионатта Қазақстан атынан «Жыл машинисі – 2024» республикалық байқауының жеңімпазы — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Қызылорда локомотив депосы жүк қозғалысының машинисі Смағұл Жасұлан қатысты.  

Жарыс қорытындысы бойынша Смағұл Жасұлан кәсіби білімінің жоғары деңгейін, локомотивті сенімді меңгергенін және стресстік жағдайларға төзімділігін көрсетіп, құрметті екінші орынды иеленді.