Ерлік осылай туады...

ҚТЖ келбеті
05.08.2025, 10:05
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жол түсіп Қаратауға барғандар бұл өлкенің табиғатының бөлек екендігінен хабардар. Жаздағы мырза жел жанға жайлы болғанымен, көктем мен күздің жаймашуақ күндерінің өзінде мұнда аңызақ жел ызылдап тұрады. Ал қыста ол дауылға ұласып, мал мен жанның мазасын алады.

Қаратаулықтар осыдан екі жыл бұрынғы қаңтардағы боранның екпінін әлі ұмытқан жоқ. Сол жолы ғой Қаратау станциясында бағаналар құлап, электр желілері үзіліп, екі аптадай уақыт істен шыққаны.  

Міне, осынау төтенше жағдай кезінде ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының ұжымы желілерді жедел қалпына келтіруге жұмылдырылып, апталап бел шешпей еңбек етіп, тәулік бойы табиғаттың дүлей күшімен арпалысқаны ерлікке пара-пар еңбек екені анық.  

Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары Түребай Балданбаевтың айтуынша, «3 қаңтар күнгі дауылдан кейін желілер істен шықты» деген хабарлама түсе сала, дистанцияға қарасты әр бөлімшеден іріктеген электромонтерлар түнімен жолға шығып кеткен.  

– 4 қаңтар күні таңда Қаратау станциясына жеттік. Бұл өлке таулы аймақ болған соң, қырға техника шыға алмайды. Оның үстіне дауылдан кейін артынша қалың қар жауып, аяз қысып, жолды жауып тастаған. Жер тайғақ. Етекке дейін көлікпен, әрі қарай жаяулатып жеттік. Дистанцияның әр бөлімшесінен: Тәттіден – 3, Луговойдан – 3, дистанциядан – 3, Жамбыл түйіспелік желісінен – 8, Қаратаудың өзінен 10 адам жұмылдырылды. Бір ғана трактор болды. Шұңқырларды техникасыз, күрек, қайламен қаздық. 13 күннің ішінде 112 тірек бағанасын орнаттық. Кейін жер ашылған соң, манипуляторды пайдаландық. Тура 14 тәулік дегенде кернеуді іске қостық. Жігіттерге рахмет, нағыз сын сағатта сыр бермей шыдап бақты, – дейді Түребай Балданбаев.  

Жергілікті қариялар Қаратауда мұндай қара дауыл он жылда бір қайталанып тұратынын айтады. Мысалы, 2013 жылы қаңтардағы боранның жылдамдығы 60 метр/ секундқа жеткен екен. Сол жылғы желдің салдары ауыр соғып, қаладағы орталық қазандық істен шығып, қарапайым тұрғындарды шаш-етектен шығынға батырғаны көрінеді. Ал метеорологтар тура он жылдан кейін, 2023 жылғы қаңтардағы желдің жылдамдығы 47 метр/секундқа жетіп жығылғанын айтады. Бұл жолы да табиғи апат аз шығын әкелмеді. Дегенмен, темір жолдың темірдей төзімді жігіттердің қайраты мен жігерінің арқасында келтірілген шығын мөлшері анағұрлым аз болды және арада уақыт өтсе де сапалы қалпына келтірілді. Қаратау станциясында төтенше жағдайға алып келген дауылды желден кейін бүлінген желіні қалпына келтіру жұмыстарына қатысқандардың бірі ЭЧ-21 дистанциясының Тәтті станциясындағы бөлімше бастығы Әлішер Суанбеков 14 күнге созылған жұмыстың оңай болмағанын айтады.  

– Мен ол кезде Тәттіде электромонтер болып жұмыс істейтінмін. Қаратауға бірге барып, жұмыс істеген жігіттердің бәрі мықты, бәрі батыр, барлық қиындыққа төтеп берді. Ешқайсысын бөліп-жарып атай алмас едім. Таулы өлке болғанымен, ықтасын жер емес. Күн суық, аяз қысып тұр. Техника жоқ. 14 күн дегенде зақымданған желілерді түгел келтіріп, жарықты іске қостық, – деп еске алады теміржолшы Әлішер Суанбеков.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті