Сақ аруларының сарқыты

ҚТЖ келбеті
18.03.2026, 11:53
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жол дистанциясының техник маманы Махаббат Назарова – кәсіпқой садақшы. Теміржолшы ару ұлттық спортпен айналысып қана қоймай, республикалық жарыстарда олжа салып жүр.    

Махаббат Көпбосынқызы былтыр тамыз айында «Самұрық Қазына» АҚ ұйымдастырған дәстүрлі тоғызыншы спартакиадаға қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Айтулы додаға дәстүрлі садақ ату жарысы өткен жылы алғаш рет қосылғанын айта кету керек.

Махаббаттың садақ ату өнерін үйренуіне ұлы себепші болыпты.  Айтуынша, мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысатын болған ұлын дайындау мақсатында «Сүгір» мергендер орталығына алып барып, бала садақ атуды үйрене бастайды.  

– Байқауда ұлым ұлттық киіммен ортаға шығып, мергендік өнерді таныстырды. Садақ атып, ондыққа дәл тигізді. Ер баланың садақ ату өнері көрерменге де, қазылар алқасына да ерекше ұнап, бас жүлдені жеңіп алды. Байқау біткен соң ұлым садақ ату өнерін әрі қарай жалғастырғысы келетінін айтты. Содан ұлымды жаттығуға апарып жүріп, өзім де қызығушылығым оянып айналыса бастадым. Қанша дегенмен қазақпыз ғой, қанымызда бар, садақты қолыма алғанда бұл спорт жандүниеме жақын екенін түсіндім. Абономент алып, кәсіби тұрғыда айналыса бастадым, бірден икемділік танытып, тез-ақ меңгердім, – деп сыр шертті Махаббат.

Кәсіпқой садақшының айтуынша, садақ атудың денсаулыққа пайдасы көп. Мәселен, арқаны тік ұстауға үйретеді. Себебі жебені тартқанда қос жауырын бір-біріне тиіп, кісі бойы тіктеле бастайды. Тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі садақ атумен айналысу жас талғамайды. Айталық, отыз жасқа келген адам кілемге шығып, күреспен шұғылдана алмайтыны белгілі. Өйткені балуанды ерте жастан бастап жаттықтырады.  

– Ал садақ атуды үйренуге кез келген адамның мүмкіндігі бар. 2025 жылы Кореяның Пусан қаласында әлемдік жарыс өтті. Сонда 50 жастағы қазақстандық Қабдолла Аяш деген кісі бірінші орынды жеңіп алды. Оның дәстүрлі садақ атумен айналысып жатқанына небәрі 2 жыл болған. Бірақ біздің халықта бұл өнерге бейімділік қанымызда болғасын тез меңгереміз.Тек тұрақтылық болуы керек. Айталық, садақ атумен айналысып жүріп 2 ай ұстамай қалсаң, дәлдігің өзгеріп қалады. Өзім садақ атуға 32 жасымда келдім. Жұмыстан тыс уақытта кешкі сегізден он бірге дейін аптасына үш рет жаттығу жасаймын. Қыс бойы дайындықты үзген жоқпын, оған күйеуім де, бала-шағам да үйренген, – дейді садақшы ару.

Алғаш орталықтың ішінде өткен жарыста екінші орын, кейін облыстық біріншілікте үздік үштіктің қатарынан көрінген Махаббат былтыр Орал қаласында өткен республикалық жарысқа қатысты. Алдағы маусым айында Түркияда өтетін әлемдік жарыста бақ сынау үшін дайындығын  күшейтіп жатыр. Жамбылдық теміржолшы 22 наурыз күні Түркістан қаласында өтетін жарысқа да қатысады. Ал 23 наурызда Таразда қалаішілік бәсекеде бақ сынайды.

Негізінен жарыста әйелдер ең бірінші кезекте – 30 метрде жамбы нысанасын көздеп сынға түседі. Одан кейін 40-50-60 метрге дейін  нысана көздейді. Ерлердің нысанасы – 70, кейде 90 метрге дейін жетеді.

– Темір жол саласына келуіме себепкер болған бірден-бір адам күйеуім. Тұрмыс құрғанға дейін темір жол дегенде, көз алдыма тек вокзал мен бір қаладан бір қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы елестейтін. Жолдасым оқу бітіре салып, өз мамандығы бойынша жұмысқа кірген. Екеуіміз бас қосқаннан кейін осы саланың қыр-сыры туралы толығырақ біле бастадым.  Шу қаласында Шу жол дистанциясында техник маман, Шоқпар электронды-инженер қызметін атқардым. Негізі екі мамандық бойынша жоғары білім алғанмын, қос дипломым бар. Бірер жыл бұрын тағы да жолдасымның жұмысына байланысты Тараз қаласына қоныс аудардық. Қазір Жамбыл жол дистанциясында техникпін, - дейді Махаббат Көпбосынқызы.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті