Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы

ҚТЖ келбеті
28.08.2026, 09:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол саласында меритократия қағидаты орныққан деуге болады. Яғни, қабілет пен еңбек – шешуші фактор. Өйткені бұл – тәуекелге баратын сынақ алаңы емес. Мұнда қарапайым маманнан бастап сатылап тәжірибе жинамаса, қиын да жауапты жұмыстың қыр-сырын бір күнде біліп-үйреніп кете алмайды.

Сонымен қатар теміржол – ұрпақтар сабақтастығы кеңінен қанат жайған сала. Теміржолшы кәсібі бірнеше буын үзілмей атадан балаға мирас болып, әулетімен осы салада еңбек ететін династиялар көп. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі – Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрғали Терлікбаев үлкен теміржолшылар әулетінде өскенін мақтан тұтады. Сонау 90-жылдары, осыдан 33 жыл бұрын еңбек жолын осы дистанцияда электрмонтер болып бастаған Нұрғали Орысбайұлы Тараз көліктегі оқу орталығында оқып, кейін өндірістен қол үзбей жоғары оқу орнын сырттай бітіріп, сатылай өсіп бүгінгі дәрежеге жеткен.  

– Осы саладағы жұмыстың барлық сатысынан өттім. Электрмеханик, аға электрмеханик, жеті жыл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері, 16 жыл бас инженер қызметтерін атқарып, үш жылдан бері дистанцияны басқарып келемін. Айтайын дегенім, ең алдымен алдымдағы аға буын тәлімгерлердің тәжірибесінен үйренгенім көп. Теміржолда кешегі кеңестік кезеңде тәлімгерлік мектебі қатты дамыды, соңғы жылдары қайта қолға алынып отырғаны қуантады. Біздің буын – сол аға буын тәрбиелеген тәлімгерлік мектеп түлегіміз. Ол дегеніміз – бірнеше институт бере алмайтын білім мен тәжірибе, – дейді дистанция бастығы.  

Айтуынша, биыл оқу бітірген 12 жас маман дистанцияға жұмысқа қабылданыпты. Оларға арнайы тәлімгер бекітіліп, арнайы курстарда оқып, теория мен тәжірибені ұштастыруларына барлық жағдай жасалған.  

– Оқуды жаңа бітіріп келген жастарды көргенде 33 жыл бұрынғы өзімді көргендей боламын. Атам темір жолдың оқуын оқыған жоқ, Түрксіб құрылысына қатысты, әкем 43 жыл жолшы, жол бригадирі, жол шебері болып еңбек етті. Бірақ олардың тәжірибесі өз алдына бір мектеп еді. Ал бүгін біз сол аға буыннан қабылдаған эстафетаны алға жылжытып, жас буынды үйретіп, тәрбиелеп, тәжірибе бөлісуіміз қажет. Тәлімгерлік мектеп, ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз осы, – дейді Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрғали Терлікбаев.  

Сонымен қатар дистанция қызметкерлері өз саласы бойынша біліктіліктерін арттыру курстарына тұрақты жіберіліп тұрады. Жақында ғана шалғай станцияларда еңбек ететін 7 электрмонтер Тараз көліктегі оқу орталығында оқып, емтихан тапсырып келген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды