Теңізші, һәм, теміржолшы қазіргі уақытта «Тальго» тізгініне ие болып отыр

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 13:34
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Саналы ғұмырын тепловоздың оң қанатында өткізген Серікқали Үмбетов осы салада 36 жыл еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 18 жасында бастаған машинист тепловоздан басқа жерде өмір бар деп елестеткен де емес... Ақтөбе локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинисі – «Тұлпар-тальго» жүрдек пойызын жүргізу құқығы сеніп тапсырылған санаулы үздіктердің бірі. Ешқашан еңбек қорғау мен қозғалыс, техника қауіпсіздігін бұзған емес. Еңбек жолын 1985 жылы Шұбарқұдық локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастаған ол теңіз флотында үш жылдық әскери борышын өтеп келген соң Гурьевтегі тепловоз машинистерін дайындау курсынан өтіп, темір тұлпар тізгініне ие болады. «Машинист – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Машинистің ешқашан қателесуге қақысы жоқ. Машинистің алдында ғана емес, желкесінде тағы екі көзі және алтыншысы – түйсігі болады.  Мұның бәрі де тәжірибемен келетін қасиеттер», – дейді Серікқали Үмбетов. Ол 2006 жылы жоғары жауапкершілігі үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Өткен жылы Көлік қызметкерлері күні мерекесіне орай саланың дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мыңбаевтың алғыс хатымен марапатталды. «Әкеге қарап, ұл өсер» деген, бүгінде Серікқали ағаның жалғыз ұлы да әке жолын қуып, теміржол саласына еңбек етіп жүр. Теміржолшының жұбайы – жолдасы мен баласының тілегін тілеуші. «Теміржолшылар – ауызбірлігі мол, қара шаңырақтай үлкен ұжым. Машинистердің жұбайлары оларға күтім мен жағдай жасауы керек. Сондықтан үйге келгенде отағасына толық демалыс сыйлауға тырысамын. Өзі де қауіпсіздік үшін режимді қатты сақтайды. Жалпы отбасымызбен теміржолдың темірдей тәртібімен жүреміз», – дейді жұбайы.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды