Семейде пойыздарды жедел тежеу көрсеткіші екі есе өскен

Қауіпсіздік
18.10.2022, 10:22
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей темір жолында қараусыз мал мәселесі қауіптіліктің «қызыл» деңгейіне көтерілді деуге болады. Осыған байланысты аймақ теміржолшылары қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болып отыр.

Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Мақсұтбекұлының тікелей бастамасымен қолға алынған шаралар нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Желі бойындағы қараусыз мал әсіресе Семей жол дистанциясының жолшыларын қатты алаңдатуда. Оған негіз бар. Атап айтсақ, өткен жылдың тоғыз айында 44 жедел тежеу орын алған болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 70-ке жетіп отыр. Сол тәрізді өткен жылы бес мал басу оқиғасы орын алса, бұл көрсеткіш ағымдағы жылы 12-ге жеткен. Өткен жылы бір ғана қыркүйек айында 8 шұғыл тежеу тіркелсе, биыл оның саны 16-ға жетіп отыр. Яғни екі есе, кейбір көрсеткіштер бойынша тіпті үш есеге дейін өсіп отыр.  

– Желі бойында қараусыз жайылған малдың кесірінен бөлімшедегі теміржол шаруашылықтарына біршама шығын келуде. Жанармай орынсыз жұмсалып, кейбір телімдердегі жүк және жолаушылар пойыздарының жүріс кестелері бұзылуда. Мәселен, биыл 9 жолаушылар пойызы теміржолға шығып кеткен қараусыз мал кесірінен тоқтауға мәжбүр болған. Аталған оқиғалар біздің дистанциямызға қарасты Дегелең – Жаңа-Семей және Ауыл – Семей арасындағы қумажолдарда орын алған, – дейді ПЧ-39 мекемесінің бас инженері Мырзабек Керейбаев.  

Осы жылдың тоғыз айы ішінде Семей станциясындағы желілік полиция қызметкерлері қараусыз мал мәселесі бойынша 20 істі қарап, заң аясында шешім қабылданыпты. Мал иелеріне қомақты көлемде айыппұл салынған. Алайда, ақша төлеп құтылған 12 шаруа өзгелерге сабақ болмай тұр. Мәселе басы ашық күйде қалып отыр.  

Дегенмен, қазіргі таңда Семей жол дистанциясының теміржолшылары желінің қос қапталын қараусыз малдан сақтандыру үшін қоршауға көшкен. Бұл іс әсіресе биылғы жылы ерекше қарқын алыпты. Мәселен, осыған дейін шаруа қожалықтары жиі орналасқан аумақтардағы салынған 89 шақырым қоршауға тағы да 30 шақырымдық қоршау шаруашылық тәсілмен орнатылып, қосылған. Өткен жылы тек 20 шақырым қоршау ғана салынған еді. Қараусыз мал мәселесі бұл істі ширатуға мәжбүрлеп отыр.  

Сол тәрізді Дегелең – Жаңа-Семей бағытындағы барлық мал қоршаулары теміржолшылардың өз күштерімен жөнделген. Оның 6 шақырымы жаз айларында күрделі жөндеуден өткізіліпті.  

Бұл айтылған деректердің барлығы – тек бір ғана Семей жол дистанциясы бойынша орын алған шаралар. Ал бөлімше көлемінде тағы төрт ПЧ бар екендігін ескерсек, қараусыз мал мәселесі қаншалықты маңызды әрі ауқымды екенін байқауға болады.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды