Теміржолшылар балабақшалар мен мектептерде және колледждерде қауіпсіздік сабақтарын жүргізді

Қауіпсіздік
21.06.2023, 10:20

Екі мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер темір жолдан өту ережелері бойынша қауіпсіздік сабақтарына қатысты. Биыл мамыр айы бойына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінде «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында темір жолға жақын орналасқан балабақша тәрбиеленушілерімен, мектеп оқушылары және колледж студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізді.  

Теміржолда балалармен байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабақтарын өткізу – жазғы каникул қарсаңында жүргізілетін дәстүрлі іс-шара.  

Сабақтарда теміржолшылар түсінікті және қызықты формада әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, балаларға және жасөспірімдерге өз жұмыстары туралы баяндады, теміржол инфрақұрылымы нысандарында қалай жүру керектігі туралы адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндірді.  

ҚТЖ-да қайғылы оқиғалар профилактикасы мен балалардың теміржол айналасында қауіпсіз жүруін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі олар көбіне қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын  бұзады, темір жол – жолаушылар өтетін жол емес екенін, ойнайтын, серуендейтін орын емес екенін ұмытып кетеді. Балалар теміржолды кесіп өте отырып мұқият болуды ұмытады, құлаққаптарын шешпей жолда жүреді, перронда өтіп бара жатқан пойызға тым жақын тұрады.      

Оқу жылы бойына және каникул күндері теміржолшылар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, ҚТЖ нысандарында оқушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырады. Олар алған білімі жас қазақстандықтарға болашақта жамандықтан қашуға көмектеседі деп сенеді.  

Бұдан бөлек теміржолшылар әскери күзет, көлік полициясы қызметкерлермен бірге үнемі теміржолдың  рұқсат етілмеген тұсынан өтетіндерге профилактикалық рейдтер өткізіп, теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілген жадынамалар таратады.  

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырып, ата-аналардан балаларына жолдан өтуде абай болуды түсіндіруін сұрайды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады