Теміржол нысандары күн сайын қадағалануда

Қауіпсіздік
08.04.2024, 13:14
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елдегі су тасқынына байланысты қазіргі таңда теміржолшылар қауіпсіздік шараларын күшейткен.  Ең алыдмен магистральдық желі мен  жасанды құрылыстардың жағдайы ерекше бақылауға алынған.

Астана жол дистанциясы қарамағындағы барлық теміржол нысандарын қадағалауда ұстап отыр. Дистанцияның көпір шебері Меңдіғали Дәулетшиннің айтуынша, қазіргі таңда жол бойындағы көпірлер мен су өткізетін құбырлар, кюветтер мен таулы жыралар, жолаушылар көпірлері, т.б теміржол бойындағы суағарлар тазаланып, жасанды имараттардың жағдайы жіті тексерілуде.  Олардың бәрі, шөп-шалам мен  қоқыстан тазаланды. Тасқынға қарсы іс-шаралар аясында қазіргі таңда дистанцияда 6 вагон – 1 жүк тиелген жабық вагон, темірбетон шпал тиелген 2 платформа, рельс тиелген 1 платформа, қой тастар тиелген 2 вагон дайын тұр.  

– Тұрақты кезекшілік ұйымдастырып, теміржол бойындағы су жиналып қалуы қаупі бар орындар, жалпы барлық жол бойы тексерілуде. Көпір шеберлері, жол шеберлері, дистанция бастығының орынбасарлары өз теліміне қарай тұрақты түрде локомотивпен жолдың бойын аралап , су жинала бастаған жерлерді көрсе бірден оның қай шақырымда қай телімде орналасқанын айтып арнайы чатта хабар береді.  Сосын ол жердегі суды жоюға жолшылар барып, тиісті жұмыстарды атқарады. Егер жиналған су қауіпсіздікке нұқсан келтірмей ағып кетіп жатса, оны да айтады. Біздің дистанция бойынша қауіп  жоқ, күн сайын кезекшілікке шығып, жағдайды қадағалап отырмыз, – дейді көпір шебері.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?