Үй жануарларының теміржолға шығып кетуі тоқтамай тұр

Қауіпсіздік
05.09.2024, 11:13
Оқуға 2 мин

Осы жылдың 8 айында көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1417 дерегі тіркелді. Еліміздің темір жолдарында 1070 жануарларды қағып кету фактілері болды, оның ішінде 355 бас жылқы, 191 бас ірі қара, 28 ұсақ мал және т.б. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.  

Оның айтуынша, осы жылғы 31 тамызда Жетісу облысының Быжы – Бахша аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда үй жануарларының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Алайда, қақтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 8 бас жылқы пойыз астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 14 минутты құрады.  

Дәл сол күні Сарыөзек – Үштөбе аралығында да осындай факт анықталды, онда жүк пойызы 3 бас жылқыны қағып кетті. Тексеру барысында Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін тауып, оларды теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар Жетісу облысының 44 және 55 жастағы тұрғындары болып шықты.  

Б. Малыбаев көлік полицейлері үнемі рейдтер жүргізіп, мал иелерімен әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратып, ауылшаруашылық жануарларының иелерін мұқият болуға шақыратынын айтты. Ұдайы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтарға әлі де жол берілуде.  

– Теміржол арқылы өту тек өткелдерде, жол өтпелерінде және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілгенін тағы да еске саламыз. Дегенмен қараңғы, тұманды, нөсер жаңбыр және боранды күндері, тіпті ол жерлерден де өтуге тыйым салынады, – деді Б. Малыбаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды