Теміржолшының мерейін асқақ еткен ескерткіш

Темір жол тарихы
23.08.2022, 10:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ғасырдан аса тарихы бар Ақтөбе локомотив пайдалану депосы үшін машинист мәртебесі бәрінен жоғары. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып осы кәсіпті игерген ақтөбеліктер депо ауласынан машинистке ескерткіш қойды.

 Қазақ сахарасына алғаш келген көнекөз паровоз ескерткішін де депо ауласынан табасыз. Дегенмен, әр теміржолшының мерейін асқақ ететін машинистің тас мүсіні ерекше жылулық сыйлайды. Биіктігі үш метрден асатын ескерткіште «шарманка» ұстаған машинист бейнеленген. Темірбетоннан жасалып, қоламен қапталған мүсін аулаға енгеннен алыстан мен мұндалайды. Әрине, ол нақты бір адамға арналмаған. Тас мүсін жалпы машинист кәсібінің құрметіне қойылып, оның жұмысының жауапкершілігі мен ауыртпалығы жинақталған образ мәртебелі мамандықтың даңқын асырып, мерейін көтеріп тұр.  

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының кадр менеджері Талғат Көшербаевтың айтуынша, машинист ескерткішті орнату туралы идея кезінде депо ұжымы мен ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен жиында көтерілген. Кейін басшылықтан да қолдау тапқан. Деполықтардың айтуынша, Қазақ темір жолының тарихы тап осы жерден бастау алған. 1901 жылы тура осы жерде жол құрылысы басталып, Түркістан бағытына қарай өрбіген. Алғашқы паровоз депосы Ақтөбе станциясында 1903 жылы іске қосылып, қазақ даласына алғашқы отарба да осы жерге келген, алғашқы машинист кадрлар да бізде дайындалған дейді олар мақтанышпен.

 «Депо тарихы теміржолшылардың бірнеше буыны ауысқан тұтас дәуірмен ерекше. 2004 жылдың тамызында Ақтөбе локомотив депосының 100 жылдық мерейтойына орай паровоз ескерткіші ашылды. Ал 2010 жылы Ақтөбе локомотив депосы ардагерлер кеңесінің бастамасымен депо аумағында машинист ескерткіші ашылды. Бұл – теміржолшы мамандығына, яғни машинист мамандығына деген құрмет ретіндегі өнер туындысы», – дейді кадр менеджері Талғат Көшербаев.  

Ақтөбе локомотив депосы осы жылдар ішінде мыңдаған машинистерді дайындаған нағыз теміржол ұстаханасына айналды. Атақты машинистер династиясы – Бекмырзаевтар, Маркеловтар, Пчельниковтар, Марныстардың еңбек әулеттері, Бізяевтер, Боранқұловтар, Кучербаевтар, Тайпақовтар есімі депо тарихына алтын әріппен жазылған. Бүгінде Ақтөбе локомотив пайдалану депосында Шұбарқұдық айналым депосымен қосқанда 671 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 308 адам тепловоз машинистері де, 257 адам – көмекші машинистер.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды