Салалық кәсіподаққа 30 жыл

Темір жол тарихы
04.10.2022, 09:34
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Отыз жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында 95 мың мүшесі бар. Теміржолшылардың сенімді серігі және тірегіне айналған қоғамдық ұйым – салалық кәсіподақ тарихы тәуелсіз Қазақстан тарихымен тамырлас.

1992 жылы 26 наурызда Алматыда теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағының алғашқы құрылтай съезі өтіп, оған республикамыздың үш темір жолынан 120-дан астам делегат, ҚР Көлік және коммуникациялар бірінші министрі Нығметжан Исингарин қатысты.  

«Қазақстан Республикасының теміржолшылар және көлік құрылысшылары кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрылуы дәл осы күнмен байланысты. Оның құрамына дорпрофсож, райпрофсож және жол бөлімшелеріне тікелей бағынатын кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ «Желдорстрой» және «Қазтранстрой» құрылыс трестері кірді. Бірыңғай салалық кәсіподақтың төрағасы болып Алматы темір жолы кәсіподағының басшысы Борис Егорович Шубин сайланды. Оның орынбасарлары болып Иван Лапшин мен Амангелді Байжұманов тағайындалды.  

Бірінші құрылтай съезінің шешімдері шеңберінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ осы күнге дейін жұмыста басшылыққа алатын жарғы мен басқа да бірқатар нормативтік құжаттар қабылданды, әлбетте, өзгерістер, толықтырулар енгізілуде, бірақ негізі сол күйінде қалып отыр.  

«Біріккен кәсіподақ жұмысының негізгі қағидаттары барлық мүшелерінің еңбек, кәсіптік, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, заң шығару қызметіне ықпал ету, еңбек жанжалдарын оңтайлы шешу, ұйымдық, кеңестік, құқықтық және материалдық қызмет көрсету, өз өкілдерін Парламентке және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсыну мақсатында ынтымақтасу», – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.  

Бүгінгі таңда Қазкөліккәсіп Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрылтайшыларының бірі және Халықаралық көлік федерациясының мүшелік ұйымы болып табылады. Оның құрылымына 13 филиал, 17 жергілікті кәсіподақ, 315 бастауыш кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Семей өңірлері мен Защита торабы бойынша Орталық кәсіподақ кеңесінің төрт өкілі кіреді. Кәсіподақтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, оның еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік әріптестік қағидаты бойынша құрылып отыр. Ал салалық келісімде және ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелер мен кепілдіктерді дәйекті іске асыру теміржол көлігінің тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты