Есімі бүкіл Одаққа мәлім болған өнертапқыш теміржолшы

Темір жол тарихы
20.01.2023, 11:42
Сурет отбасы архивінен
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Өткен ғасырда отандық теміржол көлігінің тарихын жасаған тұлғалар туралы аз жазылып жүрген жоқ. Қазақтың тұңғыш дипломды теміржол инженері Тынышпаевтан бастап шойын жолдың шежіресіне айналған даңқты теміржолшылар қатарында Жамбыл станциясының пойыз құрастырушысы болған Жолшы Сыздықов та бар.

Социалистік Еңбек Ері, «Еңбек Қызыл Ту» орденді құрметті теміржолшының есімі өткен ғасырдың ортасына қарай бүкіл кеңестер одағына мәлім болды. Отызыншы жылдардың ішінде теміржолға табан тіреген бозбала бірнеше жыл стрелка бұрушы болып тәжірибе жинап, 1938 жылы пойыз құрастырушы болып ауысады да өмірінің соңына дейін табан аудармай еңбек етеді. Осы кәсіптен береке тауып, абыройға бөленеді. Кеңестер одағының теміржол көлігін дамыту ісіндегі қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін Жолшы Сыздықовқа 1959 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» Алтын жұлдызымен марапатталады.  

Жолшының әкесі Сембек 1920- 1921 жылдары қайтыс болады. Аналары Ұлтуар екі ұлын – алты жасар Жолшы мен он-он екі жасар Қойшығараны жетектеп күнкөріс қамымен қалаға жетеді. Еті тірі әйел жергілікті қазақтар «Көнзауыт» атайтын жылқы зауытына жұмысқа тұрады. Асыл тұқымды жылқы өсіретін зауытта қора сыпырсаң да аштан өлмейсің. Өкімет сол жылдардың өзінде осы салаға әжептәуір қаржы бөлген көрінеді. Осындағы күйеуінің туысы Сыздық оларға көп қарайласады. Кейін Ұлтуар Сыздыққа тұрмысқа шығып, оған дейін ешқандай құжаты болмаған балаларға туу туралы куәлік алғанда Сыздықов болып жазылып кеткен екен.  

Жолшы бастауыш сыныпты ауылдағы төрт кластық мектепте оқып, сосын теміржол станциясындағы мектепте бітірген. Жетіншіні бітірген соң еңбекке араласады. Теміржолшыларға берілген арнайы броньмен соғысқа бармай қалғанымен сол жылдары тылдағы жұмыс та майданнан ешбір кем болмағанын Жолшы ақсақал көзі тірісінде жиі айтып отырады екен. Әскери жағдайға көшірілген теміржолда жұмыс істеу – оқ пен оттың ортасында жүрген жоқпын демесе, аса қиын, қатыгез кезең болыпты. Кейде бірнеше тәулік ұйқы көрмей, ашқұрсақ үскірік аяз бен желдің өтінде жүретін кездері аз болмаған. Жоқтан бар жасап, бір адам бес-алты теміржолшының жұмысын жасайтын болған. Жолшы Сыздықовтың пойыз құрастырушылар жұмысын жеңілдету мақсатында ойлап тапқан төбешігі жоқ станцияларда құрамды екіжақты құрастыру мен ажырату әдісі өндірісте өнертапқыш жаңалық ретінде танылып, «КСРО өнертапқышы» төсбелгісімен марапатталады. Бұл өнертапқыштық жаңалығы Түрксібтің барлық бөлімшелері арасында тиімді әдіс ретінде қолданысқа еніп, кеңінен таратылды.  

Құрметті теміржолшы Жолшы Сыздықов – Жамбыл қаласының Құрметті азаматы. Қазір Тараз қаласында даңқты теміржолшы атында көше бар. Болат жолдың бойында қырық жылдай тер төккен майталман теміржолшы әулетінің негізін қалаушы болып табылады. Үлкен ұлы Өмірбек өзінің ізімен пойыз құрастырушы болды. Салада ширек ғасыр еңбек етіп, Құрметті теміржолшы атанып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Өмірәлі 33 жыл тепловоз машинисі болып еңбек етті. Рысбек Өмірбекұлы Жамбыл бөлімшесінде, Алмас Рысбекұлы Өмірбеков Тараз локомотив жөндеу депосында, Ерғали Айтбекұлы Сыздықов Ақыртөбе станциясында жол шебері болып еңбек етуде. Теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асқан бұл әулеттің мүшелері биыл туғанына 110 жыл толатын даңқты аталары Жолшы Сыздықовтың ізбасарлары екенін мақтан тұтады.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді