Әлия Молдағұлова теміржолшылар әулетінде өсті

Темір жол тарихы
05.05.2025, 09:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биыл қазақтың даңқты батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан қаршадай қыз – ұлт мақтанышы. Даңқты батыр кәсіби теміржолшы Әбубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленді.  

Жеті жасында жетім қалған Әлияны тәрбиелеген нағашысы Әбубәкір Молдағұлов теміржолшы болған. Оның қазақ даласына алғаш келген Орынбор-Ташкент теміржолында еңбек еткені айтылады.

Әлияның әкесі Нұрмұхамбет халық жауы деп қудаланған. Анасы Маржан 1933 жылы бидай масағын тергені үшін күзетші оғынан қаза тапқан деседі. Деректерде нағашысы Әбубәкір Молдағұлов Мәскеуге, кейін Ленинград қаласына оқуға түскенде отбасымен Әлияны да ертіп жүрген. Батыр қыз Ленинградтағы №46 мектеп-интернатында білім алады. Бұғанасы бекімеген жасөспірім мергендер мектебіне өзі сұранып, кейін өз еркімен майданға аттанған. Он тоғыз жасында жау қолынан қаза тапқан өжет қыздың ерлігі ел жадында. 

 

Әлияның нағашысы Әбубәкірдің ұлы Сапар Молдағұлов та теміржолшы. Қазір Ақтөбеде тұратын батырдың туысы естелігімен бөлісті.  

«Мен 1941 жылдың мамыр айында дүниеге келдім. Сол кезде 16 жасқа да толмаған Әлия апам мені Ленинградтағы перзентханадан шығарып алған. Соның өзі тарих емес пе?! Біз әулетімізбен теміржол саласында еңбек еткен жандармыз. Менің әкем, анам, өзім, әйелім және балаларым да осы салада еңбек етті», – деді Сапар Молдағұлов.  

Сапар Молдағұлов қазір 84 жаста. Қарт теміржолшы жұбайымен Ақтөбе қаласында тұрады. Қарияның зейнетке шыққанына да 20 жылдан асқан. Еңбек жолын 1958 жылы Шұбарқұдық жол дистанциясына жолшы болып бастап, кейін машинист мамандығын игеріп, сол кездегі «Т2» тепловозын жүргізген. Қарияның жұбайы да Шұбарқұдық депосында 31 жыл кеңсе қызметкері болып еңбек еткен. Қос қарияның балалары да ата жолын таңдаған. «Жезқазған-Сексеуіл» құрылысына үлес қосқан, «Құрмет» орденді теміржолшы Молдағұлов Рүстем Сапарұлы – осы әулеттің өкілі.    

Биыл маусымда Ақтөбе Әлия Молдағұлованың 100 жылдығын атап өтеді. Батыр қыз атындағы мемориалдық музей қайта жарақталды. Әлия Молдағұлованың өмір жолы туралы ақпарат жаңа технологиялардың көмегімен көрсетіліп, туған ауылы мен қоршаудағы Ленинград, ұрыс даласын диорамалар суреттейді. Сонымен қатар Әлияның туған жері Бұлақты ауылында гала-концерт, ғылыми форум ұйымдастырлады. Шараға Әлия Молдағұлованың туыстары, Қазақстанның Халық әртісі, «Әлия» әнін орындаушы Роза Рымбаева, фильмде «Әлия» рөлін сомдаушы қырғызстандық актриса Айтуған Темирова арнайы шақырылған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды