Тынық мұхиттан қазақ жеріне дейін...

Темір жол тарихы
07.05.2020, 11:07
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Федор Иванович Бочарев Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі он жеті жаста екен. «Көп кешікпей ағам Павелді соғысқа шығарып салдық. Ал бір жылдан соң, 1942 жылдың сәуірінде мен де әскерге алындым», деп еске алады сол бір жылдарды кейіпкеріміз.

Петропавловскден жас жауынгерлерді пойызға отырғызып, Қиыр Шығысқа – Жапониямен шекараны қорғауға жөнелтеді. «Қиыр Шығысқа 12 тәулік жүріп жеттік. Ачинск қаласында екі апта карантинде болып, одан кейін Владимир бұғазына қарай, катермен жеткізілдік.

Онда орналасқан әскери бөлімде бізге форма беріп, жан жаққа бөлді. Мені Тынық мұхиты флотының 1-ші ротасының 53ші жеке-пулемент батальонына тіркеді.

Сол уақыттан бастап, 1945 жылы тамызда Жапониямен соғыс басталғанға дейін біз әскери жаттығудан өттік. Біз доттарды күзетіп, шекарада караулда болдық. Фашистерге қарсы ұрыс даласында болып жатқан барлық жағдайдан хабардар болдық.

Біздің жауынгерлердің қаза болып жатқанын естігенде, жүрегіміз ауыратын» деп күрсінеді Федор Иванович. Кеңес Одағы әскерлерінің фашизмді жеңіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізгені туралы сүйінші хабар шартарапқа тарап жатқанда, солдат Бочарев үшін соғыс енді басталып жатқан еді.

Қиыршығыс майданының әскерлерін сол кездері пароходқа тиеп, Сахалин аралына жөнелткен-ді. Оларға берілген тапсырма аралдағы Маока қаласын жапондықтардан азат ету еді.

Кеңес әскерлерінің басым күшінің алдында жапондық басып алушылар қауқарсыздық танытып, бірнеше күн ішінде қала қайтарылып алынып, арал жаудан босатылды.

«Бір айға жетер жетпес уақыт ішінде Жапония берілгені туралы актіге қол қойды, біз екі айдан кейін ғана батальонға оралдық. Содан 1947 жылға дейін әскери борышымызды өтедік», – дейді ардагер.

Бүгін оның қоржынында Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені, Жуков медалі, «Жапониядағы жеңісі үшін» медалі бар. Елге оралған соң Федор Иванович Анар станциясындағы вагондарды техникалық тексеру пунктіне слесарь болып жұмысқа тұрып, кейін вагон қараушы, аға вагон қараушы болып зейнетке шыққанға дейін 37 жыл абыроймен атқарады.

Теміржолдағы еңбек жылдары да кейіпкеріміз үшін өзіндік өмір мектебі болғаны рас. 1972 жылы өте қауіпті ақаулы вагонды анықтап, бұл туралы станция кезекшісі мен машинистке хабар беріп үлгеруінің арқасында үлкен апаттың алдын алады. Осы еңбегі үшін станция басшылығы оған датасы жазылған атаулы сағат тарту етеді.

Анар станциясында Федор Иванович болашақ жары Евдокия Илюшинаны жолықтырады. Ол станцияда бағыттаушы болып жұмыс істеп жүрген болатын. Евдокия Илюшинаның да «Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалі бар.

Ол соғыс жылдары әпкесімен бірге теміржолда жұмыс істеген еді.

«Біз соғыстың да, ашаршылықтың да ащы дәмін татқанымызға қарамастан, өмірімізді адал еңбекпен өткіздік. Еңбекті сүюге және қай жұмыста да жауапкершілікті сезінуге балаларымызды да тәрбиелеп өсірдік», – дейді ерлізайыпты Бочаревтар.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды