Арнайы топ Шымкент вокзалында жолашыларға темір жол билеттерін онлайн рәсімдеуді үйретті

Аймақтар
09.11.2021, 13:54
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Соңғы жылдары жолаушылардың алпыс пайыздан астамы теміржол билеттерін онлайн сатып алуды тұрақты дәстүрге айналдырған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы уақытта онлайн билет сатылымын әрі қарай дамытып, жолаушыларды уақытты тиімді пайдалануға шақырып отыр. Осыған орай ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап 9 қарашаға дейін еліміздің вокзалдарында «Online сатып ал» акциясы өткізілді. Қоғам қызметкерлері вокзалдарды аралап, жолаушыларға Компанияға тиесілі интернет сайт пен «Билеты КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы билетті онлайн рәсімдеуді үйретіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Пойызға билетті онлайн сатып алуды халыққа көрсетіп, оның тиімділігі мен ыңғайлы екенін түсіндіріп жатырмыз. Тағы бір жаңалық, мүгедек адамдарға сайттан билет сатып алу мүмкіндігін аштық, бұрын ондай сервис жоқ болатын. Мүгедектер 2019 жылдан бері «Мейірім» дисконт картасы арқылы сайттан билет сатып алатын. Ол үшін алдын ала вокзалға келіп жеңілдік беретін құжаттарының көшірмесін тапсырып арнайы дисконт картасын рәсімдейтін. Қазір «Мейірім» дисконт картасынсыз-ақ сайттан билет сатып аларда арнайы egovmobile қосымшасынан әлеуметтік ІD кодпен онлайн түрде мүгедектік мәртебесін растап, билет сатып ала алады. Өкінішке қарай, жолаушылардың көбі өзіміздің ҚТЖ компаниясының bilet.railways.kz сайты мен қосымшасын біле бермейді екен. Көбі басқа жекеменшік сайттарды/қосымшаларды жүктеп, билеттерді содан алып жатыр. Қолданушылар бұл сайттардың комиссия ұстап қалатынын біле бермейді. Ал біздің сайтта да, қосымшада да билет сатып алғанда комиссия ұстамайды», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің бас менеджері Ғазиза Қасымова.

Қоғам қызметкерлері теміржол билеттерін комиссиясыз bilet.railways.kz сайты мен «Билеты КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы, сонымен қатар электрондық билеттерді өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары, яғни «QIWI», «Касса 24», агенттік кассалар, пошта бөлімшелері мен 15 интернет сайт арқылы алуға болатынын атап өтті.

– Біздің сайт және оның мобильді қосымшасы пайдаланушыларға өте ыңғайлы етіп жасалған. Мәселен, билет жоқ кезде «Күту парағы» арқылы электронды кезекке тұра алады. Мұнда 70 пайызға дейін адамдардың сұранысы орындалады. Өйткені, статистиканы көріп отырамыз. Алайда бір қынжылатын жағдай, адамдар кейде табылып тұрған билетті сатып алмайды. Ол туралы элетрондық поштасына және ұялы телефон байланысына жіберілген смс хатты ашып қарамайды. bilet.railways.kz сайты 2019 жылдан бері жаңартылған нұсқасымен жұмыс істеп келеді. Сайтқа көптеген өзгерістер енгізіліп, функционалдары кеңейтілді, – дейді Ғазиза Қасымова.

Айта кетейік, қосымшадағы «Күту парағы» қызметі өте тиімді. Қолданылмаған билеттер тапсырылғанда пайда болатын бос орындар «Күту парағы» арқылы қайта сатылымға шығады. «Күту парағы» арқылы билет табылған жағдайда жолаушыларға 2 сағат ішінде билеттерді сатып алу керегі туралы хабарлама келеді. Егер билет берілген уақытта сатып алынбаған жағдайда ол автоматты түрде «Күту парағында» тұрған келесі жолаушыға ұсынылады.

«Қанша адам билет таппай жүреді. Ал кейбіреулердің Күту парағынан билет шығып тұрса да сатып алмайтынын байқаймыз. Ал енді кейбір жолаушылар уақыт үнемдейтінін білсе де онлайн билет сатып ала бермейтін көрінеді. Себебі, электронды поштасы жоқ, содан ба онлайн билет алудан қашқақтайды. Одан бөлек, жолаушылар вокзалға отырғызу талонын алу үшін келетінін байқадық. Осы ретте отырғызу талонын да біздің сайт арқылы алуға болатынын халыққа түсіндіріп, көрсетіп беріп жатырмыз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің бас менеджері Динара Құсанова.

Жолаушылар үшін тағы бір жағымды жаңалық, онлайн билетті ҚТЖ сайтынан алып, бірақ бір себептермен билетті пай- даланбай уақытында қайтарса ақшасын да жылдам қайтарып ала алады. Сонымен қатар пойыз кешігіп келе жатса жолаушылардың билет сатып алғанда көрсетілген телефон нөмірлеріне пойыздың кешігіп келе жатқаны туралы хабарлама жіберілетін болады. Сондай-ақ, жолаушыларға пойыз кешігіп келе жатқаны туралы ақпаратты жақын арада Компанияның корпоративтік сайтынан да көруге болады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жолаушылар eGov mobile қосымшасындағы QR код арқылы электронды жеке басын куәландыратын құжатын жолсерікке көрсетіп пойызға отыра алады. Бұл билетті сөмкенің түбінен алуға қиынсынатын жолаушылар үшін өте ыңғайлы әдіс. Бұған қоса, қазан айының 10 жұлдызында пилоттық жобада 2 маршрут бойынша әйелдер вагонына билет сату іске қосылған. Айта кету керек, бұл қызмет сапар кезінде жолаушыларға қосымша ыңғайлы және жайлы болу үшін жасалған. Халық арасында бұл қызметке сұраныс артып отыр екен.

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады