Семейлік теміржолшылар мен полицейлер оқушыларға қауісіздік ережелерін түсіндірді

Аймақтар
16.02.2022, 08:46
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде теміржол бойында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу өзекті мәселенің бірі. Семейлік теміржолшылар көліктегі полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 7-11 ақпан аралығында арнайы акция өткізді.

Басты мақсат – теміржол бойындағы жасөспірімдер қылмысына жол бермеу, жол бойындағы жазатайым оқиғалардың, пойыз терезесіне тас лақтыру сынды бұзақылықтың алдын алу. «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында желілік полиция қызметкерлері мен теміржолшылардан құралған топ мектептерде болып, құқықтық тақырыпта, теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс оқып, әңгімелесу өткізді. Тәртіп сақшылары қылмыс- тық іс және әкімшілік кодекстердің нормаларынан мысалдар келтіріп, түсінік жүргізді. Аталған бағыттағы жұмыстар бес орта мектеп пен төрт колледжде өткізілді.

Сонымен қатар, теміржол бойындағы бірқатар еңбек ұжымдарында да арнайы түсіндіру жұмыстары мен дәрістер өткізілді. Оған қоса вокзалдарда да жолаушылармен жүздесіп, бес мәрте жергілікті тұрғындармен жиын ұйым- дастырылды. Мұндай шаралар жолаушылар пойызында да өтті.
Акция барысында ҚР заңнамасын бұзушыларды анықтау бойынша 11 рейдтік іс-шара жүргізіліп, оның барысында 58 әкімшілік құқықбұзушылық фактілері анықталды. Түнгі уақытта жалғыз-жарым жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірім, теміржолдың белгіленбеген жерінен өткен тағы екі бала анықталып, барлық кәмелетке толмаған балалармен және олардың ата-аналарымен теміржол нысандарындағы тәртіп қағидалары бойынша профилактикалық әңгімелер өткізілді.

– Жауапкершілік бәріне бірдей, бала ма, шаға ма, тәртіпсіздік үшін жауап береді. Теміржол бойындағы ескерту және тыйым салу белгілеріне назар аудару керек, ата-аналарға ескертеміз, теміржол нысандарында кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтар үшін Қылмыстық кодекске сай жауапкершілік көзделген, – дейді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бас- тығы Рүстем Әбеуов.
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер