Атыраудағы вокзалдар жаңартылып жатыр

Аймақтар
18.02.2022, 11:30
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңірінде вокзалдар жаңарып жатыр. Өткен жылы Құлсары станциясында жаңа теміржол вокзалы бой көтеріп, халыққа қызмет етуге берілді. Жаңа ғимарат заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Ганюшкино вокзалының жолаушылар перроны жаңартылып, жаңа үлгідегі төсеніштер төселді. Ол жолаушының жүріп-тұруына немесе еркін қозғалысына кедергі келтірмейді. Сондай-ақ, аймақтағы барлық вокзал перрондары жаңа үлгідегі жарық шамдарымен жарақтандырылды. Түнгі мезгілдегі жолаушылардың қауіпсіздігіне және теміржол қызметкерлерінің жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылды.

Мақат және Доссор вокзалдарының жылу беру нүктелері табиғи газбен жылыту жүйесіне көшіріліп, жаңа жылу қазандықтарымен қамтамасыз етілді. Сағыз вокзалының шатыры жаңартылып, бұрын істен шыққан әжетханалары қайта жасақталып, пайдалануға берілді.

Аймақта эпидемиологиялық ахуалға байланысты СОVID-19 індетіне қарсы теміржолшылар қорғаныс құралдарымен (бетперде, антисептик) толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы, бөлімшеде қызмет жасайтын 1998 адамның ішінен 1856 адам вакцинациядан өтті, бұл 96 пайызды құрайды.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді