Былтыр Атырау темір жолында бірде-бір өндірістік жарақат болған жоқ

Аймақтар
18.02.2022, 11:40
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қауіпсіздікті сақтамаудан күн сайын адамдар зардап шегеді. Қаншама адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төнеді, өндіріс шығынға ұшырайды. Сондықтан да аса қауіпті аймақ саналатын темір жолда қауіпсіздік – ең басты талап.

Өткен жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалына қарасты Атырау қосалқы бөлімінде өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Ол, әрине, жақсы көрсеткіш. Оған қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген тексерулер, станцияларда жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қадағалау, т.т. шаралар себеп болғаны анық.

Мысалы, 2021 жылы барлығы 171 кенеттен тексеру жүргізілсе, оның 89-ы түнгі уақытта болған. Бұл жерде, әрине, тексеру арқылы кемшілік табу мақсаты тұрмағандығы түсінікті. Алдымен, қауіпсіздіктің сақталуы, жұмысшының жауапкершілігін арттыру міндеті тұр. Бөлімшенің еңбек қорғау инженері Гауһар Бержанованың айтуынша, тексеру барысында 114 кемшілік анықталған. Олар негізінен қауіпсіздік техникасын, жұмыс технологиясын, лауазымдық міндеттерді сақтамау, арнаулы киім мен белгі беру құралдарын қолданбау, еңбек тәртібін бұзу, білім төмендігі, медициналық тексерістен уақытылы өтпеу сынды кемшіліктер.

«Кінәлілерге, әрине, шара қолданылды. Бірақ кемшілік жаза берумен шектелмеуі тиіс. Мәселен, аталған кемшіліктерді әр жұмысшы бұзбауына болады. Қауіпсіздікті сақтап, арнаулы киімін киіп жүрсе, білмегені үйреніп, білімін жетілдіріп, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, оған кім қой депті?! Бұл жерде әр адамның санасына, жеке тәртібіне байланысты мәселелер ғой», – дейді инженер.

Қауіпсіздікті сақтауда практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны сөзсіз. Бұл бағытта қауіптілігі аса жоғары аймақта жасайтын жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс істеу іс-тәжірибесін көрсету бойынша 124 сабақ өтіпті. Қауіпсіздік диалогы бойынша да 84 қауіпті жағдайдан мысал келтірілген. Кестеге сәйкес, отыздан аса станция мен мекемелерде техникалық ревизия жүргізіліп, 540 жұмысшының білім деңгейі тексерілген. Теміржолшылардың үнемі дала өтінде жүретіні белгілі. Сол бағытта еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары пысықталған. Ол бойынша бюллетендер таратылған.

  Теміржолшылар тәуліктің кез келген уақытында жұмыста болуы мүмкін мамандық иелері. Оларда арнайы тамақтану уақыты болғанымен, пойыз келіп тұрғанда оған мүмкіндік бола бермейді. Соған сәйкес, олардың еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Ганюшкино, Атырау, Ақжайык, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары, ВЧДЭ-1 Атырау бекеттерінде ас ішу бөлмелері жабдықталып, қажетті жағдай жасалыпты.

Еңбек қорғау саласына қатысты экология мен өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне келсек, өткен жылы табиғат қорғауға қатысты 11 шара жоспарланып, оған 7904,12 теңге бөлінген, оның ішінде қоршаған ортаға шығарындыларды өлшеу, лампаларды утилизациялау (120 дана), ластанған топырақты және қатты тұрмыстық қалдықтарды көму, локомотив деполарында топыраққа лабораториялық зерттеу жүргізу, темір қалдықтарына радиациялық бақылау жасау, т.б. шаралар бар. Өрт бойынша 2 түтіндеу оқиғасы тіркелген, бірақ уақытында шара қолданылып, материалдық шығын болмаған.

Теміржолдағы алғашқы еңбек қысын өткізуші 23 адамның барлығы да оқытылып, тәжірибелі мамандарға бекітіліп беріліпті. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», «Хенрих травматизмінің пирамидасы» тақырыптарында көрнекі жадынамалар ілінген. Сол секілді медициналық мекемемен «Инфаркт пен инсульттің алдын алу» жадынамасы әзірленіп, «Бірінші медициналық көмек көрсету» бойынша жедел жәрдем мамандарымен тренинг өткізілген. Жалпы қауіпсіздік бойынша өткен жылы 10 шара жоспарланып, оған бөлінген 50171,78 мың теңге толықтай игеріліпті. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 пайыз қамтамасыз етілген, ол жағынан шағым жоқ.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды