Жыл басынан бері өткелдерде 7 жол-көлік оқиғасы болған

Аймақтар
08.04.2022, 11:03
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясында ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан профилактикалық жұмыстар теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Дистанция мамандары жергілікті әкімшілік пен жол полициясы өкілдерінің қатысуымен осыған дейін Өзен, Шетпе, Маңғыстау, Жетібай станцияларындағы өткелдер мен жол аралықтарында арнайы рейд өткізді. Олар жергілікті халықпен кездесіп, өткелдерден әрі-бері өтіп жатқан автокөлік иелерін де тоқтатып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түрлі мысалдар келтіріп, өткелден өтерде ереже бұзбай қауіпсіздікті сақтауға шақырды.

– Магистральдық желі дирекциясы бойынша осы жылы 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның үшеуі күзетілетін, төртеуі күзетсіз өткелде орын алған. Соның ішінде Қостанайда – 3, Алматы теміржолында – 2, Шымкент пен Ақтөбе магистральдық желі бөлімшелері бойынша 1 жағдай. Осындай келеңсіз көрсеткіштердің көбеюіне байланысты жоғарыдан профилактикалық шараларды күшейту туралы жеделхат келген болатын. Мұндай фактілердің қайталанбауы үшін дистанцияда қажетті шаралар қолға алынып, бірталай жұмыс атқарылды. Өткелдерде автокөлік жүргізушілерімен, аталған нысандарға жақын орналасқан елдімекен тұрғындарымен кездесулер өтті. Барлығы 113 жүк көлігі, 167 жеңіл машина, 31 автобус жүргізушісіне өткелден өту ережесі мен теміржол қауіпсіздігін сақтау тәртібі түсіндірілді. Жол-көлік оқиғасы жиі болатын өткелдер назарға алынып, қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді. Бізде мұндай жағдай 2020-2021 жылдары Боржақты станциясы мен Р бекеті аралығында орын алған еді, – дейді бұл туралы Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев.

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады